Алда жазғы шомылу кезеңі басталады. Күн сайын ауа температурасы жоғарылып, су қоймаларындағы су жылынып, көп тұрғындар өз демалыстарын суда өткізгілері келеді.
Жақсы жүзе білу – суға шомылудың бірден бір қауіпсіздік құралы, сондықтан суға жүзу білетін азамат қашанда судағы әрекеттерді жақсы меңгеруі керек.
Судағы кейбір қауіпсіздік ережелері:
– су қоймаларындағы арнайы орнатылған орындарда шомылыңыз;
– судың саяз жерін көрсететін қалқыма белгіден аспай шомылыңыз;
– судағы демалыста балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыз;
– бейтаныс жерлерде шомылмаңыз;
– шомыла білмесеңіз, белден төмен жерге кірмеңіз;
– суда қалқып тұрған желмен кеткен үрмелі құралдардың соңынан жүзбеңіз;
– шомылу кезінде денеңізді тонуға дейін апармаңыз. Ұзақ уақыт суда болу дененің тоңазытуына әкелетінін есте сақтаңыз;
– жағажайдан алыс жүзіп кетпеңіз;
– жүріп келе жатқан қайықтарға қарай жақын жүзбеңіз;
– қайық, скутер, катамаран және т.б. жүзу құралдарымен қолданар кезде құтқару кеудешесін немесе белдемшесін киюді ұмытпаңыз;
– гидротехникалық құрылымдар, шлюздер, көпірлер, өткелдер, жылы су қашыртқысында аймағында 500 метр арақашықтықта шомылуға тыйым салынған;
– «Шомылуға тыйым салынған» деген белгіге назар аударыңыздар;
– қатты ағысқа түскенде оған қарсы бағытта жүзбеңіз, ағысты жағажайға жетуге пайдаланыңыз;
– түнгі мезгілде шомылуға тыйым салынады.
АЗАМАТТАР! СУДАҒЫ ҚАРАПАЙЫМ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАЙ ОТЫРЫП, СІЗ ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗДЫ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАДАН САҚТАЙ АЛАСЫЗ!
Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті