Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Кәсіподақ тынысы

Төраға қайта сайланды

Өндіріс тынысы

02.06.2023
- Кәсіподақ тынысы
0
Төраға қайта сайланды
106
БӨЛІСТІ
294
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Кен өндіру, байыту, металлургия және  өзге де өндірістік құрылымдардан зейнеткерлікке шыққан ардагерлердің басын біріктіріп отырған «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Ардагерлер кеңесі қанатын кеңгей жайған ұйым.

Бүгінде оның Жезқазған, Сәтбаев, Қарағанды, Балқаш қалаларында филиалдары жұмыс жасауда. Бес жыл сайын есеп беру конференциясы өткізіліп, атқарылған жұмыстар сараланады. Бүгінгі таңда Ардагерлер кеңесі мен «КәсіпҚорған» кәсіподағында серіктестік берік қалыптасқан. Кеше Жезқазған қаласындағы «Amanat» партиясының ғимаратында Ардагерлер кеңесінің қорытынды есеп беру жиыны өтті.  Оған «КәсіпҚорған» кәсіподағынан Абзал Жаңабергенов пен Еркебұлан Балмұқан қатысты.

Жиын барысында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Ардагерлер кеңесінің  Басқарма төрағасы Төлеген Бүкіров 5 жылда атқарылған жұмыстарды баяндады. Одан кейін ревизиялық комиссияның есебі тыңдалды. Ардагерлер кеңесінің басқарма құрамына мүшелер сайланды.  Жезқазған, Сәтбаев, Қарағанды, Балқаш қалаларынан келген 100-ден аса делегат бірауыздан кеңестің шаруасын жүйелі жүзеге асырып келе жатқан Төлеген Нұрмағанбетұлы Бүкіровті Басқарма төрағалығына қайта сайлады.

Төлеген Нұрмағанбетұлы Қазақстанның құрметті металлургі, Қарағанды облысының Құрметті азаматы. Мыс өндірісінің дамуы мен қалыптасуына ерекше үлес қосқан еңбек сіңірген инженер-металлург. Техника ғылымдарының кандидаты.  2015 жылдан бастап «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанынан құрылған «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Сондай-ақ оқыңыз

Саясатсыз сапалы қызмет

Саясатсыз сапалы қызмет

08.03.2025
Әлеуметтік қорғау – басты орында

Әлеуметтік қорғау – басты орында

28.02.2025

Есеп беру жиынында «КәсіпҚорған» кәсіподағы төрағасының орынбасары Абзал Жаңабергенов кәсіподақ  төрағасы Уәлихан Нұржановтың Құрмет грамотасымен ақшалай сыйлығымен 10 ардагер, Сонымен қатар, Басқарма төрағасы Төлеген Бүкіров,  Ардагерлер кеңесіңнің Жезқазған филиалының жетекшісі Алтын шайменова мен Сәтбаев филиалының төрағасы Абулаис Молахов Жезқазған филиалының төрағасы Ақылбек Төлепбергеновтің Алғыс хатымен марапатталды.

«КәсіпҚорған» кәсіподағы өндіріс ардагерлерінің ұйымын қолдай отырып, алдағы уақытта да серіктестікті арттыра беремек.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу42Твитерге27
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру