Қала қонақтары мен тұрғындар назары бірден шаһардың көркіне түсеріхақ. Сондықтан Алғашқы құрылысшылар алаңында жұмыс қызу. Алаң ортасындағы алып субұрқақ іске қосылды.
Енді «Продизайн» ЖШС мердігер ұйымы жалпы сомасы 58 млн теңгеге жасалған келісімшарт аясында қазір жарықтандыру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, алаңдағы жаяу жүргіншілер жолы да қалыпқа келтірілуде.
«Алатау» ЖШС мердігер ұйымы жалпы сомасы 38 млн теңгені құрайтын келісімшарт аясында жаяу жүргіншілер алаңында төсемелерді ауыстыру жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстың жалпы көлемі 4630 шаршы метрді құрайды.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.