Ұлытау облысының Жезді кентінде Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ici тарихы музейі бар. Тақырыбы айтып тұрғандай бұл музейдің Қазақстандағы басқа музейлерден ерекшелігі, тіпті артықшылығы бар. Мұнда адамзат өркениетінде алғашқылардың бipi болып металды игеру мәдениетін қалыптастырған дала халқының өндірістік жетістіктері дәріптеледі.
Сол сияқты осындай ерекше мәдениет ошағының ipreciн қалаған тұлғаның өмір жолы да көпке өнеге. ҰОС ардагері, Мәдениет қайраткері, Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің құрметті профессоры Мәкен Төрегелдиннің туғанына биыл – 100 жыл. Халықаралық деңгейдегі «Горный журнал» басылымының 2023 жылғы сәуірдегі санында «Тау-кен ісінің тарихы. Мәдениет» деген айдармен «Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ici тарихы музейі» тақырыбында мақала жарық көрді. Мақала авторы – Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Ә. Такишев.
Мақалада Ұлы дала өркениетінің бip қыры – металл қорыту машығының қалыптасуы мен бүгінгі дәуірлерге дейінгі сабақтастығы, музей iciн дамытудағы жеке тұлғаның рөлі және жас ұрпақты инженерлік-техникалық кәсіпке баулудың мәселелері сөз болады.
Айта кету керек, «Горный журнал» басылымы 1825 жылдан бepi шығып келе жатқан өз саласындағы ең беделді ғылыми журнал болып есептеледі.
Ай Нұри.