Жұма, 9 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Түйткіл

Депутаттар жылу маусымына дайындықты пысықтады

Ұлытау облысы: апта тынысы

19.05.2023
- Түйткіл
0
89
БӨЛІСТІ
247
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысов бастаған облыстық мәслихат депутаттары облыс орталығындағы жылу және сумен жабдықтау кәсіпорнының басшылығымен кездесті. Жиында түйткілді мәселелер талқыланды.

Кәсіпорын директоры Ахметулла Мырзалиевтің айтуынша, мекеме өз қаражаты есебінен 587 млн. теңгеге жылу желілерін тартуды жоспарлап отыр, қала әкімдігі тарапынан тағы 1 млрд теңге бөлінген. Бұл сомаға биыл 30 шақырымғ ажуық жылу желілерін тарту жоспарлануда. Алайда, кәсіпорын қарызға белшесінен батқан.  Бүгінде 3,2 млрд теңге берешегі бар екен.

– Бірқатар мәселелер бар. Олар бізде де конкурстық процедуралар арқылы шешіледі, – деді жылу және сумен жабдықтау кәсіпорын директоры А. Мырзалиев.

–  Берешегіміз бар. Сондықтан тендерлерге қатысу қиын. Бірақ соған қарамастан құбырларды сатып алып жатырмыз. Әрине, бізде қаржы жетпейді, себебі компанияның есепшоты бұғатталған.

Сондай-ақ оқыңыз

Жеделсаты жеделдетпей тұр

Жеделсаты жеделдетпей тұр

15.11.2024
Көне жәдігерді «қалжыратып» қойғанымыз қалай?

Көне жәдігерді «қалжыратып» қойғанымыз қалай?

19.07.2024

Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысов жылу желілерін тартуға әкімдік тарапынантағы 500 млн теңге бөлінетінін атап өтті. Жылу желілеріне жұмсалатын қаржының барлығы депутаттардың назарында. Кәсіпорын директоры да толық бақылауда ұстауы қажет.

Сонымен қатар облыстық мәслихатының төрағасын құбырларды ауыстыру жұмыстарының сапасына алаңдаушылық білдірді.

– Абай көшесіндегі мердігер құбырларды толығымен қазып, ауыстырғанына өзім куә болдым – деді ол. – Біріншіден, бұл құбырлар әлі іске қосылмаған, құбырлардың дұрыс жалғанғанына кім кепілдік береді? Пластикалық құбырлар тым ауыр қысымды көтере алмайды. Сондықтан жүргізіліп жатқан жұмыстарды ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын.

Қаладағы жылу құбырларының 60 пайыздан астамы әбден шіріп тозғанын ескерсек,  бұл түйткілді облыс әкімі де жеке бақылауында ұстап отыр.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу36Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

04.05.2025
​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

04.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру