Өрт қауіпті кезеңге дайындық, суға шомылу маусымы,білім алушылардың жазғы демалысы. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен өткен кезекті кеңейтілген аппараттық кеңестің күн тәртібіне, міне, осы мәселелер шығарылды.
Ұлытау облыстық ТЖД бастығы Есен БайыровҰлытау ауданында 2021 – 2022 жылдардағы дала және орман аумағында болған ірі табиғи өрттерден бір адам қаза тауып, 10 бас ірі және 308 ұсақ мал шығындары болғанын және 54 646 мың гектаржерөрткеоранғанынатапөтті. Биыл ондай жағдай орыналмас үшін дайындық жұмыстарын пысықтау керек. Бірлесіп атқарылған елеулі жұмыстарға, қабылданып жатқан шараларға қарамастан шешімін таппай отырған бірқатар мәселелер бар: өрт сөндіру бекеттерінің есебіндегі 5 өрт сөндіру автокөлігі жарамсыз күйде, жүрмейді. Жангелдин, Шеңбер, Терісаққан ауылдық округтерінде өрт сөндіру автотехникасы мен мотопомпаларын сақтау орындары мүлдем жоқ. «Ұлытау» ұлттық паркі өрт сөндіру мұнарасымен қамтамасыз етілмеген, «Жаңаарқа» ауданындаҚарағаш орман шаруашылығындағы жалғыз мұнара апатты жағдайда тұр.
Күн тәртібіне шығарылған екінші мәселе – суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары. Есен Байыров шомылу маусымына дайындық туралы баяндама жасағанда тағы бірнеше мәселе қылқиып шыға келді. Оның айтуынша, Жезқазған, Сәтбаев қалаларында халық үшін коммуналдық жағдай жоқ, бақылау мұнарасы қарастырылмаған.
Сондай-ақ қалалар мен аудандар әкімдіктерінде шомылу маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша көрнекі үгіт-материалдарына қаражат қарастырылғанымен, бұл материалдар дайындалмаған. Бейнебақылау камераларын орнату қажет.
Күнтәртібіндегі соңғы мәселе – білім алушылардың жазғы демалысы. Ұлытау облысының білім басқармасы тарапынан балаларды жан-жақты дамытуға, сауықтыруға бағытталған әлеуметтік-психологиялық кеңістік құру мақсатында «Жазғы демалыс академиясы» жобасы әзірленді. Ол төрт бағытты қамтиды. Барлық бағыттар бойынша жазғы демалыстағы шаралармен облыстың 17558 оқушысы қамтылады және 112 млн теңге қаражат қарастырылған.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.