Жезқазғанда халықаралық университеттің филиалы ашылады. Бұл Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы канадалық жоғары оқуорындарының өкілдерімен кездесуінде пысықталды.
Жиынға Канаданың Қазақстандағы елшілігінің екінші хатшысы, Memorial Universityof New foundland халықаралық кеңсесінің директоры және Centrefor Entertainment Arts директоры сондай-ақ, «The Ulytau Educational Foundation» кеңесінің мүшелері, халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы қатысты. Кездесуге қатысушылар «Тhe Ulytau Educational Foundation» қайырымдылық қорының облыстық білім басқармасымен тиімді өзара іс-қимылы бойынша ұсыныстарды қарап, орта мектеп мұғалімдерінің құзыретін арттыру мәселелерін, сонымен қатар Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдарын сенімгерлік басқаруға беру жобасымен танысты.
– Әрине барлығын сіздермен келісіп жасаймыз. Мысалы №26 мектепті ЮНЕСКО-ның Ассоцияланған мектептерінің қатарына қосуға болады. Ол – халықаралық мәртебе, солай-солай мектептердің жағдайына, біліміне қарап қосып отырамыз, – деді «The Ulytau Educational Foundation» қамқоршылықкеңесініңмүшесі Леонид Ким. – Бұл облыстың көтерілуіне жаңа серпін болмақ. Ал, Сәтбаев мектептерін сенімгерлік басқаруға беруге бола ма, пилоттық жоба ретінде қарастырамыз, қазір оны ойластыру үстіндеміз.
Алдағы уақытта Жезқазған университеті мен Канада университеттері арасында ынтымақтастық орнату жоспарлануда. Айта кету керек, бұл Тәуелсіз Қазақстан тарихында мемлекеттік университет мәртебесін алған алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болмақ. Облыс әкіміне ЖОО-ның миссиясы мен міндеттері, академиялық компонентінен тұратын концепциясы, инновациялық және бірегей бағдарламаларды қамтитын болашақ университет тұжырымдамасы таныстырылды.
1 қыркүйектен бастап Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің базасында техникалық университет студенттерге есігін ашады. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган «Қазақмыс» корпорациясы тарапынан грант бөлу мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар, Жезқазған қаласында университете төрт мектеп құру жоспарлануда – бұл қоршаған орта және тұрақты ресурстарды басқару, білім беру, бизнес, технология және инновация мектептері. Жиында медициналық оқу орнын ашу мәселесін де қарастыру туралы ұсыныс айтылды.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.