«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Бас директоры жұмыс сапарымен «Шатыркөл» және «Жайсаң» кеніштерінде болды.
«Жайсаң» кенішіндегі жұмыс 2020 жылы басталды. Бүгінгі күні мұнда 230-дан астам қызметкер жұмыс жасайды, оның ішінде тау-кен және күрделі жұмыстарды атқаратын Ғ. Омаров атындағы шахтақұрылысы тресінің қызметкерлері бар.
Қысқа уақыт ішінде шахтада барлық қажеттіліктері бар вахталық қала салынды: 200 адамға арналған жатақхана, асхана, себезгі бөлмесі, киім ауыстыратын бөлме, шам және медициналық тірек бар. Сондай-ақ, кәсіпорын заманауи тау-кен-шахта техникаларымен және жабдықтарымен қамтылған.
Сапар барысында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Бас директоры Олег Копытов мердігер компаниялармен келіссөздер жүргізіп, кеніш жұмысшыларымен кездесті. Сондай-ақ, корпорация басшысы «Жайсаң-Шатыркөл» кластеріндегі жаңа өңдеу зауытының құрылысымен танысты. Осыдан кейін Олег Копытов кеніштерге түсіп, «Жайсаң» және «Шатыркөл» кеніштеріндегі бұрғылау жұмыстарының барысы және басқа да жағдайлармен жан-жақты танысты.
Зауыт барлық заманауи стандарттар бойынша бой көтеруде. Ал, тұрмыстық кешен және әкімшілік орталықтар Түркия мамандарының технологияларына негізделіп салынуда. Байыту фабрикасында 250-ден астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ете отырып, «Жайсаң» және «Шатыркөл» кеніштерінен кен өңдеу жоспарлануда.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС
баспасөз қызметі.