Ағымдағы жылдың 25 наурызында Астана уақыты бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін Жезқазған, Балқаш және Қарағанды қалаларында орналасқан «Қазақмыс» компаниялар тобының кәсіпорындары мен кеңселерісыртқыжарықтандырудан тура бір сағатқа ажыратылды. Осылайша, компания жылсайын Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) өткізетін халықаралық экологиялық акцияны қолдады.
Балқаш пен Жезқазғандағы мыс балқыту зауыттары, «Балқаштүстімет» және «Қарағандытүстімет» ӨБ, Жезқазған қаласының энергия-жөндеу мамандандырылған басқармасы, бас жобалау институты, Жезқазған қаласының күрделі құрылыс басқармасы, сондай-ақ Қарағандыдағы бірқатар әкімшілік ғимараттар, Шатыркөл кеніші бір сағатқа жарықтан ажыратылды. Экологиялық акцияны өткізу компания кәсіпорындарының өндірістік процестеріне әсер еткен жоқ.
«Қазақмыс» әрдайым қазақстандықтардың назарын экологиялық проблемаларға аудара алатын түрлі акцияларға белсенді қатысады. Сондай-ақ, корпорация өндіріс ошақтары орналасқан қалаларда және өз өндірістерінде экологиялық жағдайды жақсарту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуде.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.