Көктеммен бірге жылылық пен мейірім шуағын ала келетін 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесінде «Қазақмыс» корпорациясы жыл сайын өндірістің әр буынында еңбек ететін аруларды ардақтап, құрмет көрсетеді. Бұл шара биыл да жалғасын тауып, «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігіні ң қыз–келіншектері ұлықталды.
– «Қазақмыс» корпорациясына қарасты өндіріс орындарындағы нәзік жандардың үлес салмағы жыл сайын артып келеді.Олар – алпысқа тарта мамандықтың иелері. Ерлермен қатар өз салаларының жүгін көтерген аруларға деген құрмет те ерекше. Өндіріске сән беріп жүрген сіздердей озат
еңбеккерлермен мақтанамыз, – деген «Жезқазғантүстімет» ӨБ Бас директоры Бауыржан Баймұхановтың құттықтау сөзімен бастау алған жиын салтанатты бас қосудың басты кейіпкерлерін марапаттауға ұласты.
Бас директор Бауыржан Әмірқұлұлы бір топ аруды «Қазақмыс Холдинг» ЖШС Директорлар кеңесі төрағасының және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Бас директорының Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйақымен марапаттады.
«Жезқазғантүстімет» ӨБ персонал жөніндегі директоры Бақыт Түсіпбеков өндірістік бірлестік директорының Құрмет грамотасын өндірісте озат атанып жүрген нәзік жандарғата быстады.
Салтанатты жиында «КәсіпҚорған» кәсіподағы төрағасының орынбасары Уәлихан Нұржанов он төртаруға кәсіподақ ұйымыатынан құрмет көрсетті.
Мерекедегі құрметті «Казпрофметалл», «Лайықты еңбек» және «Enbek» кәсіподағы мен «Әділетті жол» ҚБ және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерінің «Jastar Bolashaq» Жастар одағының төрағалары жалғады.
Жиынды жергілдікті өнерпаздар әнмен әспеттеп, мереке иелеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.