Жасыратыны жоқ, елімізде жан-жануарларға деген қамқорлық күшейіп, оларды қорғау жөнінде Заң да шықты. Тіпті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында жануарларға қамқорлықпен қарау керектігін айтқан болатын.
Осылайша, 2021 жылы 30 желтоқсанда Президент жануарларды қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларға қатынас жасау барысында қоғамның адамгершілік қағидаттарын нығайтужәнесақтау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу үшін «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына қол қойды. Аталмыш заңда жан-жануарларды қамқорлыққа алу, оларғазәбіркөрсеткен жағдайда қандай жаза тағайындалатыны көрсетілген. Дамыған елдерде жануарларға оңк өз қарастақарау өркениеттің белгісі ретінде қабылданады. Жөнделік! Алайда, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң қабылданғаннан бері көшедегі қаңғыбас иттерден аяқалып жүре алмайтын дәрежеге жеттік. Бір кездері көшеден қабаған иттерді атып әкетіп жатқанда «адами тұрғыдан жасалған жауыздық» деп жануарлардың құқығын қорғаушылар шу етті.
Газеттің 17 ақпандағы № 6 санында «Қаңғыбас иттен қауіп көп» деген мақал ажарияланған болатын. Көзбен көріп жүрген жайтқа үнқ остық. Мақала жарық көргеннен кейін де тақырыпты әріқарай індеттік. Іздене келе, облысымызда қараусыз қалған жануарларға жеке кәсіпкер «Шабденова» қамқорлық көрсететінін білдік. Жеке кәсіпкерлік нысанның қызметі жайында оның басшысы Алтынқұс Нұрсейтов:
– Ұлытау облысының қалалары мен аудандарының шеңберінде қаңғыбас иттердің көбейіп, одан адамдар зардап шегіп жатқан жағдайлар бар. Жаңа Заң шыққалы жануарларға зәбір көрсету қылмыстық іс болып табылғандықтан, оған жеке адамның жәбірлеп, қорлық көрсетуі – қылмыс. Сондықтан біздің жұмысымыз оларды заңдық негізде аулап, ұстауғабағытталған. Бұлшаруаны мен осыдан 2 жыл бұрын қолғаалған болатынмын. Жезқазған қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Әбсаттаров ел бойынша алғаш рет қаңғыбас иттерді ұстауға жер бөлді. «Шабденова» жеке кәсіпкерлігі босып жүрген иттердің ошақтарын анықтап, оларды аулау, чиптеу, стерильдеужұмысынажауапбереді. Қазіргі таңда иттерге арналған баспанада күшіктері мен 120 ит қамқорлықта. Қаңғыбаситтердіңсанының күрт өсуіне байланысты бұл қызметтің ауқымын да кеңейтіп жатырмыз. Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау, Жаңаарқа аудандары бойынша қаңғыбас ит мәселесіне қатысты шағымдарды тұрғындар біздің 8 747 111 74 95 немесе 8 705 966 26 26 нөмірлеріне жолдауға болады. Қазірдің өзінде бізге келіп түсіп жатқан шағымдар аз емес, олар бойынша жұмыс жүргізілуде. Қаңғыбас иттерді аулап, арнаулы орында ұстаймыз. Ол үшін арнайы баспана мен ветеринарлық клиника қарастырылған, – депбаяндады.
Облыс әкімдігі және «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен қолға алынған бұл жұмыстар жүзеге асса, қала аумақтарында қаңғыбас иттердің саны мен олардан зардап шегушілер де азаяр еді…
Бағдат ҚАЗКЕНОВ