Тарихта құпиясы көп Ауғанстан шекарасында 10 жылға созылған мәлім де беймәлім соғыстан Кеңес әскерінің шығарылғанына 15 ақпанда 34 жыл толды.
Жалын атқан жастық шағын жат елде от пен оқтың ортасында өткізген сол кездегі жастар бүгінде елдің ардақты азаматтарына айналды. Интернационалист жауынгерлердің Ауғанстан жеріндегі ерлігін мәңгі есте сақтап, оларға құрмет көрсету парыз.
«Қазақмыс» корпорациясы құрылымдарында еңбек ететін Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет жыл сайын артапса кеміген жоқ. Биыл да ардагерлерге деген ілтипат жалғасын тапты. Сондай шараның бірі Оңтүстік Жезқазған кенішінде өтті. Кеніш әкімшілігі мен «КәсіпҚорған» кәсіподағы ұжымда еңбек ететін интернационалист жауынгерлер, тау-кен шеберлері Базылбек Ибраевты, Рахым Ілиясовті, электр слесарь Джамиль Хайрудтиновті және слесарь Мұратбек Мұратовты құттықтап, марапаттады.
Кеніш директоры Данияр Жаналинов, персонал бөлімінің басшысы Қарлығаш Есенбекова, кәсіподақ комитетінің төрағасы Алмаз Қоңырқұлжинов ардагерлерге ақжарма тілектерін арнап, еңбекте табыс тіледі.
Айта кетейік, Ауған соғысының ардагерлері еңбек ететін өндіріс ошақтарында «КәсіпҚорған» кәсіподағы жауынгерлерге құрмет көрсетті.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.