Өңір экономикасының локомотивіне айналған металлургия саласының Жезқазғанда жалғасын тапқан тұсы өткен ғасырдың 70-жылдарының басына тап келеді. Өндірісті өңірде бой көтерген Жезқазған мыс қорыту зауытының металлургтері сол тұстарда қара мыс алудың түрлі тәсілдерін қолданды. Ақыры жезқазғандық өнім 1973 жылдың ақпанында зауыттың балқыту цехында алынды. Міне, содан бері арада 50 жыл өтті. Қара мыс алудың шебері ретінде тарихта аты жазылып қалған аға конверторшы Сұлтан Елемесовтің ізгілік жолын бүгінде ұрпағы жалғастыруда.