Сарыарқаның сайын даласының қойнауына біткен табиғи байлықты игеру ғасырлар бойына ұласуда. Металлургия өндірісінің отаны ретінде Жезқазған өңірінің жұртшылығы бағзыдан желісі үзілмеген кәсіпті мұра етіп келеді.
Қарсақбай мыс қорыту зауытының заңды жалғасы Жезқазған мыс қорыту зауыты 1971 жылдың ақпанында іске қосылса, тура екі жылдан соң, яғни 1973 жылдың 23 ақпанында бірінші пеш іске қосылып, ондақара мыс алынды. Бұл өндіріс ошағының жарты ғасырлық ғұмырында айтулы күн ретінде тарихта қалды.
Мыс балқытқан металлургтердің ерен еңбегі бүгінде ел экономикасының негізгі күшіне айналды. Мұндағы қарапайым еңбек адамдары мен еңбек әулеттері саланың дамуына өзіндік үлестерін қосуда. Еңбекпен абыройға кенелген Демесіновтер әулеті түсті металлургияның өркендеуіне еңбек сіңіруде. Қара мыстың алынғанына 50 жыл толу қарсаңында біз әулет өкілдерімен кездесіп, тілдескен болатынбыз.
Демесіновтер әулетінің түсті металлургиядағы жолы қарашаңырақ Қарсақбайда басталған. Әулеттің көшбасшысы Назар Демесінов 1936 жылы өмірге келген. Жастайынан еңбекке шыныққан Назар Оразұлы өмірін өндіріспен ұштастырды. Қарсақбайда бастау алған еңбек жолы Жезқазған мыс қорыту зауыты ашылған соң осында жалғасты. 1987 жылы зейнет жасқа жеткенге дейін Назар Оразұлы Жезқазған мыс қорыту зауыты балқыту цехының анод бөлімшесінде балқытушы болды. 1500 градуста балқыма алудың қыр-сырын меңгерген Назар Демесінов металлургияның майталманы атанды. Омырауына Кеңес одағының аса құрметті марапаты – Еңбек Қызыл Ту орденін омырауын атақты. Сөйтіп, Назар ақсақалдың абыройы асқақтады. Әке жолына балалары да қызығушылық танытты. Бір кіндіктен тараған он бір баланың үшеуі әкеісін жалғастырды.
Еңбек Қызыл Ту орденді металлург Назар Демесінов.
Зауыттың балқыту цехында түсті металл құюшы болып еңбекетіп жүрген Серік Демесінов әкеден балаға мирас болған істі жауапкершілікпен атқарып келеді. Серік Назарұлының бұл саладағы еңбек өтілі 33 жылды құрайды. Күкіртқышқылыцехында басталған еңбек жолы кейін балқыту цехында жалғасты. СерікНазарұлы мыс балқыту ісінің шебері Қайырбек Ақпанбетовтің мектебінде шыңдалды. Бүгінде Серік Демесінов өз ісінің майталманы әрі тәлімгер.
– Әкеміз 1987 жылы зейнетке осы зауыттан шықты. Өндіріс ошағы алғаш ашылғанда осында Қарсақбайдан бір топ металлург қоныс аударып, жұмысқа тұрды. Солардыңқатарындаәкеміз де болды. Біз де сол әке жолын үлгі тұтып, осы салаға ат байладық. Содан бері 33 жыл өте шығыпты. Бұл саланы таңдауымызға негізінен әкеміздің өнегелі өмір жолы түрткі болды. Өзімнен кейінгі інім Рақымжан, қарындасым Жұмакүл де осы саламен тағдырларын тоғыстырды. Ұлым Назар да біздің ізімізді басып келеді. Қазір балқытушылар буынында қатар еңбек етіп жүрген әріптестерім Қажымұқан Рахметов, Азамат Қаратағанов пен осыдан 50 жыл бұрын алғаш қара мыс балқымасын алған конверторшы Сұлтан Елемесовтің ұлы Берік Елемесовпен бір сапта еңбек етіп келеміз, – дейді Серік Назарұлы.
Серік Назаров балқытушы Азамат Қаратағановпен
Алып мыс өндірісінің нысанында 2002 жылдан бері еңбек етіп жүрген Рахымжан Демесіновтің алғашқы еңбек жолы мысты электрллиздеу цехында басталды. Бұл цехта қарапайым жұмысшыдан телім басшысы қызметіне дейін өсті. Бірнеше жыл зауыт басқармасының еңбек және жалақы бөліміне басшылық жасады. Қазіргі таңда күкірт қышқылы цехында өндірістік аға шебер. Байсалдылық пен қарапайымдылық, өз ісіне деген жауапкершілік Рахымжан Назарұлының басты ұстанымы. Қарапайым еңбек сатысынан жауапты қызметтерге дейін көтерілген Рахымжан Демесінов қай шаруаның тетігін ұстаса да әке тәлімін ұмытпады.
– Мыс балқыту үдерісінде бірнеше жүйеде жұмыстар атқарылады. Біздіңкүкіртқышқылыцехыбұл істің негізгі тірегі деп айтсақ, артық емес. Шикізат алудың өзінде қаншама үдеріс жүзеге асады. Соның барлығында да адамға ең әуелі жауапкершілік керек. Сонда ғана атқарған жұмыста береке болады. Әкеміз бізді қай шаруада болсын, ең бірінші жауапкершілікті болуға үндеді. Мен де, менің бауырларым да әке ақылынан алшақ кетпедік, – дейді Рахымжан Демесінов.
Рахымжан Демесінов
Металлургия саласындағы әулеттің келесі өкілі – Жұмакүл Демесінова. Ол құю-механикалық зауытындағы әр үлгіде болат құю цехында 2005 жылға дейін еңбеке тіп, кейін Жезқазған мыс қорыту зауытының мысты электролиздеу цехында сулы ертінділерді электролиздеуші болп жалғастырды. Қазіргі таңда Жұмакүл Назарқызы зауыттың әкімшілік-тұрмыстық кешенінде еңбекетуде. Өндірістікбуындажүріп, ерлерменқатарауыржұмыстардыатқарған Жұмакүл Назарқызының да саладағы еңбек өтілі 30 жылға таяу.
Жұмакүл Демесінова
Назар ақсақалдан бастау алған әулеттің еңбек жолы бүгінде үшінші буынға жалғасты. Бұлзауытта Назар ақсақалдың өзімен аттас немересі Назар Демесінов жас маман ретінде әкелерінің жолын жалғастыруда. 2020 жылы тау-кен, металлургиялықколледжінтәмамдаған Назар Демесінов сол жылы күкірт қышқылы цехына жұмысқа қабылданып, шикізат дайындау аппаратшысы болды. Өндірістік үдерісті ол Нұрмұхан Нағашыбектен үйренді. Үш жыл ішінде Назар Серікұлы өзін жақсы жағынан танытты. Қазір Назар шаң, тозаң ұстау құрылғысының операторы.
Назар Демесінов (сол жақта)
– Негізгі мамандығым дәнекерлеуші болғанымен, металлургияның қазанында қайнап, өмірімді осы өндіріспен өрнектегеніме әсте өкінішім жоқ. Өйткені мен атам мен әкелерімніңжолынжалғастырушымын. Металлургтердіңеңбекәулетініңөкілі болу мен үшін үлкен абырой әрі зор жауапкершілік. Мені өндірістің қыр-сырына баулыған тәлімгерлерім Нұрмұхан Нағашыбек пен Төлеген Сейтмағанбетке алғысымды білдіремін, – дейді Назар.
Түсті металлургия саласындағы еңбек өтілі 120 жылдан асатын Демесіновтер әулетінің үш буыны зауыттың тарихына өнегелі істерімен жазылып қалуда. Келер ұрпақ бұл әулеттің еңбекпен абыройға жеткенін атқарған істерімен бағамдайды.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.