Мысты шаһардың батыс бөлігінде ел «91» атап кеткен ауданға газет жеткізетін пошта тасушылар бір көшенің бойындағы үйді табу үшін әуре-сарсаңға түседі.
«Неге?» десеңіз, көшедегі үйлердің реттік санында реет жоқ. Мысалы, тақ-жұп жүйесімен алып қарасақ, әдетте 10-үйден кейін 12-үй болуы керек. Бірақ, бұл орамдарда ол заңдылық сақталмаған, мәселен, оныншы үйдің қасында болуы тиіс он екінші үй әрідегі бір қиылыста немесе келесі көшемен араласып кеткен түсініксіз жүйеден өмірленген. «Нөмірленген» деген де жай. Үйдің нөмірі көбінесе көрсетілмеген де. Сондықтан үйлерді кейде сағаттап іздеуге тура келеді.
Жақындағана «Қазпоштаның» пошта тасушылары Тілеулі батыр көшесіндегі екі үйді бір күн іздеп, ақыры жазылушының жеке байланыс нөміріне шығып, тапты. Міне, мұндай машақаттар да оқырманға газеттің дер кезінде жетуіне кері әсерін тигізеді.
Кейде тіпті пошташы тұрмақ, «көрсетілген мекенжайға жеткізеді» деген таксистерді ңөзі де мекенжайды тапбасып таппай қалады. Қаланың тиісті қызметі мұндай ретсіздікті реттемесе, ауқымы жыл сайын кеңейіп бара жатқан аудан көшелерінен нөмірленген үйді табу бір күні бұдан да зор машақатқа айналары сөзсіз.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.