Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты Мұрат Бөрібаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау барысында осы жөнінде еске салды.
Жеке қабылдауға алдын- ала жазылған тұрғындардың дені «Қазақмыс» корпорациясына жұмысқа тұруға өтініш білдіре келгендер болып шықты. Қала тұрғыны Жазира Байтуғанованың негізгі мамандығы медбике ісі. Жолдасынан айырылған ол 4 баланы аяқтандыру үшін жалақысы тәуір ауыр жұмысқа тұруға дайын екенін білдірді. Қалалық мәслихат депутаты, Жезқазған байыту фабрикасының директоры Мұрат Бөрібаев жұмысқа орналасудың алғы шарттарын түсіндірді:
– «Қазақмыс.кз» сайтына кіріп, бос жұмыс орындарын көруіңізге болады. Қазір сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін компания осындай сайты жасақтап қойған. Әрі жұмыс іздеушіге оңай,тиімді. Білесіз, «Қазақмысқа» жұмысқа орналасу бір-екі күндік шаруа емес, – деді ол.
«Қазақмыстың» сайтты жасаудағы басты мақсаты – сыбайлас жемқорлықты жою. Айта кетейік, екі қолға бір күрек табамын дейтіндерге мүмкіндік жетіп артылады. Тек, азаматтардың өздері жұмыс іздеуге құлықсыз болмаса болды. Өтініш айтқан өзге тұрғындардың мәселелері әлеуметтікс алаға тиесілі болып шықты. Олардың барлығы қабылдау барысында көкейдегі сұрақтарына тиісінше жауап ала алды. Атап айтайық, «Аманат» партиясы ғимаратында облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді. Ол үшін «Аманат» партиясының облыстық филиалына барсаңыз жеткілікті.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.