Жұма, 9 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Алпысқа абыроймен жетті

20.01.2023
- Мерей
0
Алпысқа абыроймен жетті
82
БӨЛІСТІ
229
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Кейіпкеріміздің шаңырағына арнайы атбасын тірегенімізде өткен жылдардан естелік болып сақталған альбомдардан осыдан 20 жыл бұрынғы газет қиындысы көзге түсті. Жалындаған жас жігіттің қырықтың ар-жақ бер жағында еңбекте бағындырған белесі қысқаша баяндалып, суреті басылыпты.

Онда: «Мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасының №12 телімінің бригадирі Тілеуқабыл Бейісбеков еңбек озаты ретінде өз ұжымын табыстарға бастап келеді» деп жазылған. Осы бір қысқа ғана мәтін арқылы мақала кейіпкерінің жастайынан еңбектене жүріп абыройға жеткенін ұғынасыз.

Тілеуқабыл Тоқтамысұлы мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасында отыз сегіз жылдан бері еңбекетіп келеді. Қарағанды облысы Шет ауданының Өспен ауылында туып, өскен Тілеуқабыл Жезқазған өңіріне оқуға келіп, содан тағдырын мысты шаһармен тамырластырды.

Екі мәрте оқуға тапсырғанымен сәті түспеді. Ыңғайы келмеген іске өкінген жоқ. Қайта қайраттанып, еңбек етуге құлшына кірісті. Әкесі Тоқтамыс «Нілді» шахтасында кенші болып тер төкті. Бірақ, әке ғұмыры тым келте болды. Аналары да жарық дүниеден ерте кетті. Бұл сынаққа төзе білген Тілеуқабыл төрт бауырымен бірге алға қарай ұмтылды. Оқудың сәті түспесе де оның еңбекте бағы жанды. 1985 жылы мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасына жұмысқа орналасты. Тілекең сол кездеенді бой түзеген №3 Сәтбаев байыту фабрикасындағы жөндеу-механикалық телімінде еңбекке араласты. Тілекең осы фабрикада өндіріс ошағы жабылған 2013 жылға дейін абыройлы қызмет етті. Осында жүріп бригадир дәрежесіне дейін өсті. Өндірістік бағыттағы жабдықтарды жөндеудің хас шебері атанған білікті бригадир Қадыр Мыңбаевтың мектебінде шыңдалған Тілеуқабыл Бейісбеков өзі де өндірістің озаты атанды. Талай жасқа тәлімгер болды.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

– Адам Жаратқан жазып берген тағдырынан алшақтап кете алмайды ғой. Жас кезімде оқуға деген ынтамен осы өңірге келіп, осында тұрақтап қалғаным да тағдырдың жазуы деп білемін. Туған жерім Өспен болса, өсіп, өніп, абыройға кенелген мекенім – Жезқазған. Жезқазған мен үшін жұмақ мекен. Өйткені мен осында өркен жайдым. Басқармаға алғаш жұмысқа орналасқанда мені қанатының астына алып, ағалық ілтипатын білдірген Қадыр Мыңбаевтың тәлімі менің еңбектегі басты «қаруыма» айналды. Аға буынның арқасында көп тәжірибе жинадым. Алғаш еңбек жолымды бастаған Сәтбаев байыту фабрикасында 27 жылым өтті. Дүрілдеп тұрған фабриканың бір сәтте қуатынан ажырап, кен байыту үдерісі тоқтағанда көзге жас келіп, көмейге өксік тығылды. Бұл менің ең алғаш еңбек баспалдағым басталған жер болғасын оның жабылуы да қатты әсер етті. Әр істің бір қайыры бар демекші, кейін  Жезқазған байыту фабрикасына ауысып, №2 бас корпусқа келдім. Сәтбаев фабрикасында жүргенде, 2002 жылы бригадирлікке тағайындалдым. Сол жылдары бірге еңбек еткен Сергей Павлов, Шаяхмет Бегаев, Таңатар Бекжанов, жалғыз дәнекерлеуші нәзік жан Алтын Жабасбаева, Мәлік Отарбаев, Әлібек Мұстафа сынды майталмандар өндіріс қуатын өрістетуге бар күш-жігерлерін арнады. Мұнда да сол ісімді жалғастырдым. Біздің телімнің басты атқаратын жұмысы – фабрикадағы диірмендерді жөндеп, қуатында жұмыс жасауына күш салу. Бригадир ретінде жұмысты тиімді әрі қауіпсіз үйлестіре отырып, кен байыту үдерісінің тоқтаусыз жүзеге асуына ықпал жасау.

Бригадамда сайдың тасындай іріктелген жігіттерт оптасқан. Бесеуі де кәсіби маман. Слесарьлар Қанат Шәріпов, Қыдырбек Тобағабылов, дәнекерлеуші Еркебұлан Баймұратов, газбен кесуші Александр Итскович сынды майталмандардың арқасында ұжым алға қойған мақсаттарды еңсеріп келеді. Телім басшысы, туған інім Азамат Бейісбековтің жұмысты ұйымдастыра білу қабілетінің арқасында телімнің шаруасы өрге басып тұр.

Мен Жаратқан нәсіп еткен ырыс-несібені Жезқазғаннан таптым. Марапат та, елдің маған деген ықыласы да осы қасиетті мекеннен бұйырды. Өзімнен кейінгі ізімді басып келе жатқан жастарға туған жердің қасиетін ұғынып, адал еңбек етуге үндеп келемін, – дейді Тілеуқабыл Бейісбеков.

Асқаралы алпысқа ат шалдырғанТ ілеуқабыл Тоқтамысұлы – бүгінде жастарды соңынан ерте білген тәлімгер. Оның тәлімінен өткен Серік Өмірзақов, Бейсен Нұрсейтов, Дастан Мұхамбетжан, Данияр Найзабеков, Азамат Смайлов өз істерінің шеберіне айналды.

Тілеуқабыл Бейісбеков өндіріс саласының озаты ретінде еңбегі бағаланып үшінші және екінші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған. Алда бірінші дәрежелі «Еңбек даңқының» да ауылы алыс емес. Ол үшін қызу еңбектіңқ арқыны бәсеңдемеуі шарт. Тілекең қызметті ғана емес өмірлік жарын да осы Жезқазғаннан тапты. Гүлнар Жандарбековамен бас құрап, бір ұл, екі қыз тәрбиеледі. Қыздары Береке мен Қуаныш қиясына қонған. Ұлдары Бауыржан мен келіні Дария Қарағандыда. Бауыржан «Нұрқазған» фабрикасындағы ұнтақтау корпусында ауысым шебері, Дария «Қарағандытүстімет» ӨБ экономист. Тілекең мен Гүлекең он бір немеренің қызығын қызықтап отыр.

Ғұмырын өндіріске арнаған Тілеуқабыл Бейісбеков алпыс жасқа абырой менжетті.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу33Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

04.05.2025
​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

04.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру