Шетелден әкелінген көліктердің жыры дастанға айналғалы қашан. Елден бір жола шығарып тастаймыз деді. Уақытша тіркеуге қоямыз деді. Не керек, жауапты ведомстволар бі ртоқтамға келе алмай, екі жылдан бері созбаққа салды. Енді, міне, мемлекет шетелдік есептегі көліктерд і заңдастыруға мүмкіндік беріп отыр.
Бұл жолы елімізге өткен жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген авто көліктер заңдастырылады. Енгізілген тиісті өзгерістерге сәйкес көлік иелері утилизациялық алым төлемейді. Тек 200 000 теңге мөлшеріндегі бір реттік төлем жасайды.
– Бұл жұмыстар Үкімет бекіткен тиісті қағидалар мен талаптарға сай жүргізіледі. Шетелдік авто көліктерді есепке қоюға қатысты өтінімдер мамандандырылған ХҚО және «Электронды үкімет» порталында қабылданады.
Былтырғы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінген автокөліктер тізімі жасалуда. Әзірге, Ұлытау облысында 2 мыңнан астам шетелдік автокөлік бар. Кейінірек жеткізілген көліктер заңдастыруға жатпайды. Тіркелген автомобильге қарапайым ақ нөмірлер беріледі, – дейді Ұлытау облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Аманжол Кәрімов.
Әкімшілік полиция комитеті дайындаған қаулыға сәйкес, криминалдық, оң жақ рөлді, экокласы төмен автокөліктер бұл жеңілдікке ілінбейді. Заңдастыруға ең бірінші талап – автокөліктер іздеуде болмауы керек, екіншіден, кедендікт азартудан өткен және сол мемлекеттен есептен шығуы тиіс. Тиісті құжаттар қабылданғаннан кейін көлік тексеруге жіберіледі, тексеріс нәтижесі арнайы базаға тіркеледі.
Көлікті заңдастыру туралы өтінім екі жұмыс күні ішінде қарастырылады. Шешім шығарылып, өтінімді қабылдайды немесе заңдастырудан бас тартады. Ал, басқа облыстар секілді біздің жүргізушілер ешқандай наразылық тудырып жатқан жоқ.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.