Ұлытау облысында «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасының алғашқы түлектері «Тігінісі» бейіндік бағыты бойынша сертификаттарға ие болды. Енді олардың кейбірі алған біліміне орай нақты кәсіп бастамақ. Жобаға қаржылай қолдау көрсетіп отырған «Samruk-KazynaTrust» қоры қажетті жабдықтармен де қамтуға дайын. Жалпылай алғанда, 14 азамат бірнеше кәсіп түрін оқып, меңгеріп шықты.
Тегін оқу көп балалы анна Жұлдыз Бакированың арманын іске асырды. Бала жас күнінен тігін ісіне құмар ол бұл саладағы жаңашылдықтарды меңгеріп, заманауи техникаларын қолдануды үйренуді ойлап жүрген еді. Енді кез-келген сән үлгісіне сай көйлек түрін тіге алады.
– Біраз психологиялық демеулер алып, осындай іс бастағалы отырмыз, – дейді Жұлдыз. – Оқыған мамандығым – «тігін ісі». Алдағы уақытта осы алған білімімізбен отбасымыздың табысына табыс қосып, жақсы жетістіктерге жетеміз деген ойдамыз.
Жұлдыз секілді бірнеше ананың арманын жүзеге асыруға «Ольга» сән үйі қолұшын созды. Олар мұнда тігін тігудің әртүрлі әдістерін меңгерді. Жас келіншектерге 20 жылдан астам тәжірибесі бар Сән үйінің жетекшісі Ольга Романишина практикалық сабақтар өткізген.
– Бізге «Табысты отбасы» жобасының өкілдері келіп ұсыныстарын айтты. Бірденкелістік. Қыздардың нәтижелері жаман емес. Өздерінің де қабілеттері бар. Әртүрл іүлгіде киімдер тігіп жатыр. Барлығын тез меңгеріп шықты. Енді 2-лектің қыздарына сабақ жүргізетін боламыз, – дейді Ольга Романишина өз кезегінде.
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбек қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов және «Табысты отбасы» жобасының амбассадоры Айжани Нұрланова сертификаттар тапсырып, жобаның алғашқы түлектерінің жасаған жұмыстарымен танысты.
Сондай-ақ, «Табысты отбасы» жобасыныңөкілдерімастермайндөтетіноқу орталығына барып, екінші лектің қатысушыларымен кездесу өткізді. Ұлытау облысында жоба жұмыс істеген алғашқы айда 14 адам оқудан өтсе,оқытудың екінші айында 33 қатысушыны өз ісінің маманы ретінде дайындап шығару жоспарлануда.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.