Жаңа жыл қарсаңында «Қазақмыс» корпорациясы «Жезқазғантүстімет» ӨБ Бас директоры Бауыржан Баймұханов Жезқазған, Сәтбаев қалаларындағы өндіріс орнында қаза болған жұмысшылардың және көпбалалы отбастарына арнайы барып, құттықтады.
Өндірістік бірлестіктің Бас директоры Сәтбаев қаласында Гутяр, Сәдуақасовтар отбасында болса, Жезқазғанғанда Сүйіндіковтер, Әубәкіровтер және Белдеубаевтар отбасына барып, сый-сыяпат жасады.
– «Қазақмыс» қашанда әлеуметтік жауапкершілікке басымдық береді. Біз жұмыскерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын ешқашан назардан тыс қалдырған емеспіз. Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын! Отбасыларыңызда тек қуаныш болсын! – деді өзінің құттықтау сөзінде Бауыржан Әмірқұлұлы.
«Қазақмыс» Тобы көпбалалы және ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған отбастарына тұрақты түрде қолдау көрсетеді. Желтоқсан айының соңында Жезқазған, Балқаш, Қарағанды қалаларында осындай санаттағы 53 отбасына пәтер табыстаған болатын.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.