Жұма, 9 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Дәстүрді дәріптеген Досжановтар

30.12.2022
- Мерей
0
Дәстүрді дәріптеген Досжановтар
85
БӨЛІСТІ
235
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

 

 

«Батыс» кенішіндегі №73 шахта кеңсесінің кіреберісінде мәрмәр тақтаға былай жазылған: «Бұлкеніште Қазақстанның Құрметті кеншісі, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері, «Кенші даңқы» төсбелгісініңтолықкавалері Жеңіс Советұлы Досжанов еңбек етті. Сәтбаев, 2021 жыл».

Ол – кеншілік кәсіпті киелі дәстүрдей дәріптеген әулеттің ұрпағы.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

 

«Әке көрген,..»

«Кеншілер патшалығының»  тіршілігімен тыныстаған кәсіпқой кенші үшін шахта шыңырауына түсу, жаңа ауысымға жолтарту – тың белесті бағындыру ғана емес, қанжығаласқан қауіп-қатерді жеңе отырып, сол биікке аман-есен абыроймен көтерілу, табыстың тай қазанын тасыту. Міне, осы «мылтықсыз майданның» алдыңғы шебінде Досжановтар әулетінің келе жатқанына жарты ғасырдан асып барады.

Кез-келгеннің қолайына келе бермейтін күрделі кәсіпке сонны соқпақ салған атасы Әбітай еді. Шығыс Жезқазған кенішінің №42 шахтасында еселі еңбек етті. Сосын әкесі Советтің кеншілік кәсібін Жеңістің өзі жалғастырды. 1989 жылы Жезқазған тау-кен техникумын бітіріп, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп келгеннен кейін бар саналы ғұмырын шпур бұрғылаумен байланыстырды.

Алғашқы еңбек жолын Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі №45 шахтада бұрғылаушыға көмекші болып бастады. «Мыңшылар» тізгінін ұстаған білікті бригадир Кенжемұрат Жанғабылов өндіріс тәлімгері болды. Кен қабатына бұрғы бойлатудың қыр-сырын қапысыз меңгерген ол қарамағында істейтін жігіттерге барынша сақ болуды, қауіпсіздік техникасын мүлтіксіз сақтауды қайталаудан жалықпайтын. Келесі кезекте кенді көп құлату үшін шпурды қалай бұрғылау тәсіліне көңіл аударатын.

Тапсырмаға тындырымды, жауапкершілігі жоғары және көшбастауға қабілетті жас жігіт бес жыл бедерінде, 1996 жылы кен өндіру телімінің бригадирі болғанда өндірістік тәлімгерінен үйренгені кәдеге жарады. Он екі жыл ұжымға жетекшілік жасап, комбинат басшылығының ұйғарымымен жаңадан ашылып жатқанАқши-Спасск шахтасына ауысты. 2013 жылы сол кезде Оңтүстік Жезқазған кенішіне қарайтын №73/75 шахтаға бригадир болып барды. Алдыңғы жылы денсаулығы сыр беріп, көктемде ақыры ажал алып тынғанға дейін сонда тер төкті.

Мен Жеңісті жете жақсы білмесем де, бірнеше реет табақтас болғаным бар. Тіпті берекелі дастарқанынан дәм татқанмын. Қарапайым еді, күй талғамайтыны көрініп тұратын. «Шахта мен үшін екінші үйім сияқты. Кез-келген кенші осылай ойлайтынына сенімдімін. Өйткені, бір-біріне сенбей, қажет кезінде қолұшын бермей кен өндіру мүмкін емес» деген сөзі есте қалыпты.

Сәтті сабақтастық

Өмір өз арнасымен өтеді. Уақыт өз басымдығын алға тартады. Бірақ, құбылмайтын адами қасиет, ол: ар-намыс, борыш, адамгершілік. Әркімнің ар-намысы – абыройыныңқалқаны. Ал, борыш ұғымының аясы кең: Отан, ата-анаалдындағысынайтпағанда, ұрпағыңның келешегін қамтамасыз ету қамын қайда қоясың?! Адамгершілік – бәрін безбендейтін тапжылмас таразы. Ол – сенің кім екеніңді қоғам, ұжым, ұрпақ бағалайтын өлшемнің көрсеткіші.

Айткүл әже мен Жанар апа ұрпағымен

– Әкем көпшіл адам еді. Жора-жолдас пен туған-туысқа деген ықылас-пейілі өз алдына, үйгеқонақкөпкелетін. Бірақ, анамыз Жанардың қабақ шытқанын көрмеппіз. Таныстарын дастарқаннан дәм таттырмай жібермейтін. Бәріміз тік тұрып қызмет көрсететінбіз. Бір топ жігітпен сіздің де келген сәтіңіз еске түсіп отыр. Мен олкездемектептеоқитынмын, – дейді ұлы Самат.

Бүгінде жасы «орда бұзар отыздан» енді асқан Самат Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65 шахтасындағы жүк түсіретін оқпанда жұмыс істейді, бесіншіжылғаайналыпбарады. Орта мектептібітіргесінолЖезқазған гуманитарлық-индустриалдық колледжінде оқып, бағдарламашы мамандығын алды. Одан әрі оқуын Ө. Байқоңыров атындағы университете жалғастырып, сол саланың жоғары білімді маманы атанды.

Самат пен Самал

Еңбек жолын олАқши-Спасск шахтасында конвейер машинисі болып бастады. Еңбектен қол үзбей жүріп Жезқазған университетінде оқып, «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша білімін жетілдірді. Қолына диплом тигесін кеншілік кәсіпті №55 шахтадажалғастырды. Қазіргі қызметіне келгенше екі жылдай №73 шахтаның монтаждау телімінде тер төкті. Кен өндірісінің қай саласында еңбек етпесін, әке атына кір келтірмеуге күш салды.

Жеңіс төрт ағайынды. Сол екі ұл, екі қыздың Баяннан басқасы кен өндірісіне қажетті мамандықты меңгерді. Олар абыройлы ағасын темір қазық етіп ұстады. Одан үлгі-өнеге алды. Ізін басқан інісі Бауыржан кәсіптік-техникалық училищеден ауырсалмақты автоқотарғыш автослесары мамандығын алысымен еңбек майданына араласты да кетті. Арасында Отан алдындағы борышын өтеп қайтты.

Дана мен Бауыржан

Кезінде үлкен атасы Әбітайдың ізі қалған №42 шахтада кеншілер қатарына тұрған ол №57 шахтаның шыңырауын еңбек күйіне бөлеуге де атсалысты. Алты жыл Жезқазған шахтапроходкалау тресінде пароходкашы болды. Он екі жыл №65 шахтадакенқабатынасоқпақсалды. Денсаулығы сыр бергесін 2016 жылы жер бетіндегі жеңіл жұмысқа ауысуына тура келді. Қазір «Адал еңбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істейді.

Ал, өнерге жақынДана бастапқыдаЖезқазған музыкалық колледжінде оқыды. Алайда, өнер кеңістігінде көп аялдамады. Ақыры Ақшидің конвейер желісінен бір-ақ шықты. Тәлімгері Алмагүл апасынан азды-көпті тәжірибе жинақтағасын, 2013 жылы «Жомарт» кенішіне ауысты. Бүгінде вахталық тәсілмен жұмыс істейтін кеншілер өндірген шикізатты қыр басына шығарумен айналысып жүр.

Жеңістің Қарағанды техникалық университетінде жоғары білім алған қызыСамал да былтырдан бері «Батыс» кенішінің №67 шахтасындағы маркетинг бөліміндеқызметатқаруда. Сөйтіп кеншілер әулетіндегі сәтті сабақтастықты одан әрі жүйелі жалғастыруға өзіндік үлесін қосуда. Кеніште Досжановтар қаншалықты танымал екеніне әңгіме барысында талай мәрте көз жеткіздік.

Мәрмәр тақта

Әлібек ӘБДІРАШ,
Қазақстанның Құрметті журналисі.
Суреттерді түсірген автор.

Бөлісу34Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

04.05.2025
​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

04.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру