«Қазақмыс» корпорациясының өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бағытындағы саясатын жүзеге асыру мақсатында еңбеккерлер арасында «Қауіпсіздік сағаты» байқауын өткізуді дәстүрге айналдырды.
Бұл байқау биыл да өз жалғасын тапты. Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бағытындағы үздік жобаларды анықтап, оны өндірісте қолдануға бағытталған шарада биыл онлайн дауыс беру арқылы 30 жеңімпаз таңдалды. «Қазақмыста» өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы байқау 2 желтоқсанда басталды. Бірнеше күн ішінде компанияның әр қызметкері, лауазымы мен кәсібіне қарамастан, үміткерлердің біріне дауыс бере алады. Онлайн дауыс беруге барлығы 3064 корпорация қызметкері қатысты. 10 номинацияның әрқайсысында 3 жеңімпаз таңдалды. Сәрсенбіде өткен «Қауіпсіздік сағатында» үздіктер көрсеткен белсенділігі және компания кәсіпорындарындағы еңбек жағдайларын дамытуға және жақсартуға қосқан үлесі үшін салтанатты түрде марапатталды. «Жезқазғантүстімет» ӨБ бойынша үздік шыққандарды өндірістік бірлестіктің Бас директоры Бауыржан Баймұханов құттықтап, марапаттады. «Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы үздік жұмысшы» номинациясы бойынша «Жезқазғантүстімет» ӨБ Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65 шахтасы №12 телімінің тиеу-жеткізу машинасының машинисі Данияр Бекішов үшінші орынды иеленсе, «Үздік желілік жетекші» номинациясы бойынша «Жезқазғантүстімет» ӨБ құю-механикалық зауытының жылу-энергия үнемдеу және шаң-газ басу телімінің шебері Ерболат Базылов үшінші орынның жеңімпазы деп танылды. «Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша кәсіпорынның үздік басшысы» номинациясында үшінші орын «Жезқазғантүстімет» ӨБ Энерго-жөндеу мамандандырылған басқармасының директоры Абюр Төлеуовке бұйырды. «ӨҚ және ЕҚ саласындағы үздік бейінді маман» номинациясы бойынша үшінші орынға «Жезқазғантүстімет» ӨБ Жөндеу-механикалық мамандандырылған басқармасының бас механигі Мусаниф Сефербегов ие болды. «ӨҚ және ЕҚ саласындағы үздік ынталандырушы бейнеролик» номинациясында екінші орынды «Жезқазғантүстімет» ӨБ «Жыланды» кеніші бойынша электр жабдықтарына сервистік қызмет көрсету бойынша энергетика басқармасының электр жабдықтарына сервистік қызмет көрсету цехының аға шебері Айбатыр Орынбасар еншілесе, «ӨҚ және ЕҚ бөлімінің үздік қызметкері» номинациясы бойынша үшінші орынға Ғ.Омаров атындағы шахтақұрылысы тресінің жетекші инженері Изольда Ахмедова лайық деп танылды. «ӨҚ және ЕҚ саласындағы үздік әдіскер» номинациясы бойынша бірінші орынды «Жезқазғантүстімет» ӨБ Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасы №15 телімінің тау-кен шебері Павел Поленчук жеңіп алса, «ӨҚ және ЕҚ саласындағы үздік бригадир» номинациясы бойынша «Жезқазғантүстімет» ӨБ «Жомарт» кеніші №1 кен өндіру телімінің бұрғылаушысы Медет Махатов бірінші орынның жеңімпазы атанды. «ӨҚ және ЕҚ саласындағы үздік телім басшысы» номинациясында «Жезқазғантүстімет» ӨБ «Батыс» кеніші №67/70 шахтасының №2 кен өндіру телімінің басшысы Бауыржан Ыдырысов бірінші орынды иеленді. «ӨҚ және ЕҚ саласындағы үздік тау-кен шебері» номинациясы бойынша «Жезқазғантүстімет» ӨБ «Жыланды» кеніші №10 телімінің тау-кен шебері Нұржан Көшеков жеңімпаз атанды. Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы байқау жеңімпаздары «Қарағандытүстімет», «Балқаштүстімет» ӨБ еңбеккерлерінің арасында да анықталып, марапатталды. Байқауды ұйымдастырушылардың пікірінше, ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу басқа қызметкерлер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздіктің барлық ережелерін сақтауға жігерлендіреді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.