«Қазақмыс» корпорациясының өндірістік алаңдардағы нысандарын күзету мен қорғауда іргелі ұйымға айналған «Қорғау қызметі» ЖШС Жезқазған филиалындағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті ұжымдағы маңызды мәселелердің түйінін тарқатумен қатар, еңбек жағдайын қалыптастыру, қызметкерлердің білімін жетілдіру мақсатында өтетін емтихандарға ұдайы қатысып отырады.
Кәсіподақ комитетінің төрағасы Жанна Ерғалиева екінші жасақ қызметкерлерінің техника қауіпсіздігі бойынша емтихан тапсыру жөніндегі комиссияның құрамында болып, еңбеккерлердің білімін саралады. Сонымен қатар, кәсіподақтың кезекті жиынын өткізді. Оның күн тәртібінде жаңа жылдық шараларды ұйымдастыру, жолкөлік оқиғасына душар болғандарға қайырымдылық көрсету мәселелері талқыланды. Жанна Базылқызы Жезқазған аумағынан шалғай жатқан4-команданың бекеттерінде болды. «Тасқора» карьері мен «Жомарт» кенішіндегі бекеттердің жағдайын көрген төраға бекеттердің қыс мезгіліне дайындығын пысықтады. Сондай-ақ, төраға Ұлытау облысы мемлекеттік еңбек инспекторларымен кездесіп, еңбек қатынастарындағы маңызды деген мәселелер бойынша әңгіме өрбітті.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.