Мәскеуде жалпы кәсіподақтар конфедерациясының IX съезі өтті. Құрамына 30 миллионға жуық адам кіретін халықаралық кәсіптік бірлестік тің жиынына мүшелік ұйымынан 100 — ден астам делегат қатысты.
Съезд қонақтарының арасында Тау-кен – металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағының төрағасы Ерболат Сатыбалдин,, Қазақстан кәсіподақтар конфедерациясының Бас хатшысы Мұрат Мәшкенов, «Казарофметалл» кәсіподағының төрағасы Асылбек Нұралин болды.
Кәсіподақтар конфедерациясы – азаматтардың әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-қимылдарды топтастыру үшін құрылған халықаралық кәсіподақ бірлестігі. Бүгінгі таңда оған Ресей, Беларусь, Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Молдованың ірі кәсіподақ орталықтары кіреді. Бұдан басқа, металлургия, агроөнеркәсіп, авиа өнеркәсібі, энергетика, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс және басқа да секторларда бірқатар халықаралық салалық кәсіподақтарды біріктіреді.
Съезд делегаты, «КәсіпҚорған» кәсіподағының төрағасы Ерболат сатыбалдиннің айтуынша, аталмыш бас қосу түрлі салада жұмысшы мүддесін қорғауға мүделі кәсіподақтардың жиыны кәсіподақ ұйымдарының көкжиегін кеңейтіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.