Мысты шаһарда 8 қыркүйекте атап өтілген Қала күні түрлі мерекелік шаралармен бірге халық шығармашылығы мен көркем өнерпаздар өнерінің ХХХ «Ұлытау үні» республикалық фестивалінің алғашқы күнімен әрленді. Бұл күні Жақсыкелді Сейілов атындағы «Өнер өлкесінің жезкиігі» атты ІІ республикалық әншілер конкурсының 1-ші кезеңі басталды.
Ширек ғасырдан соң облыс орталығы мәртебесі қайтып оралған Жезқазған қаласының жасампаз еңбектің ғана емес, жарқын өнер ордасына айналып, жарқырап, жайнайтын күні алда деп білеміз. Иә, жарқыра, жайна, Жезқазған!