Арқа төсінің табиғи қазба байлығын игеру жолында кеншілер жеті қат жер астында қара тасқа тер сіңдіріп, тонналап кен өндірісе, оны өңдеу үдерісін замана талабына сай нәтижелі жүзеге асырып отырған аймағымыздағы Жезқазған байыту фабрикасының еңбек ұжымы өздерінің кәсіби мерекелерін көтеріңкі көңіл-күйде қарсы алды.
Кен өңдеу жоспарын межелі көрсеткішке жеткізген фабрика еңбеккерлеріне мерекелерінде құрмет, қошемет толассыз болды.
Салтанатты жиында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС бас байытушысы Бауыржан Қожабеков, фабриканың бас инженеріЕлдосТоқтасынов, «АМАНАТ» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалының өкілі Әлия Өксікбаева, «КәсіпҚорған» кәсіподағыкомитетініңтөрағасыМайра Әлбаттина және тағы да басқа ұйымдардың өкілдері фабрика ұжымын мерекемен құттықтады.
Өндірістегі үздік көрсеткіштері үшін «КәсіпҚорған» кәсіподағы тарапынан Бақытжан Балтабеков, Уәлихан Қалқанбаев, Әлиса Жазылбеков, БәтимаСмағұловаүшіншідәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапаталды.
Сондай-ақ, бірқатар еңбеккерге «КәсіпҚорған» кәсіподағы төрағасы Ерболат Сатыбалдиннің, Жезқазған филиалының төрағасы Ақылбек Төлепбергеновтің Құрмет грамоталары табысталды. Комитет төрағасы Майра Ерғалиқызы ұйым тарапынан өндіріс озаттарына құрмет көрсетті.
Фабрика жұмысшыларының даңқын асырған жиында «JastarBolashaq» Жастар одағы да бірқатар жас мамандарға марапаттарын табыстап, «Даңқты жастар» төсбелгісімен марапаттады.
Мерекеде фабрика алаңына киізүй тігіліп, сала ардагерлері мен өндіріс озаттарына құрметпен ақ дастарқан жайылды.
Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.