Осындай ұранды ту еткен «Қазақмыс» Холдинг» ЖШС еңбеккерлері өткен демалыста Жезқазған қаласындағы Спорт сарайын дүбірге бөледі. Отбасылық көңілді старт ойынына «КәсіпҚорған» кәсіподағының Жезқазған филиалы демеушілік танытты.
Отбасылық құндылықтар мен ондағы татулық пен тұтастықты, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, олардың спортқа деген көзқарасын қалыптастыруды көздеген шараға 18 отбасы қатысты.
Кәсіподақ тарапынан жүзеге асқан көңілді страт спорттық шарасын өткізу идеясын Жезқазған кен байыту фабиркасының директоры, жастар жанашыры Мұрат Бөрібаев ұсынды. Жас та болса бас болып ірі өндіріс ошағын басқарып отырған Мұрат Ерболатұлының бұл ұсынысын филиал тқрағасы Ақылбек Сағиұлы құп алып, өндірісте еңбек етіп жүрген отбасылардың басын бір арнаға тоғыстырды.
Жарыс бірнеше кезеңдерден тұрды. Қызықты да мзмұнды өткен жарыста бірінші орынды Жыланды кенішінің намысын қорғаған Досмұханбетовтердің отбасына бұйырса, екінші орынды Оңтүстік Жезқазған кенішінен Шалқарбаевтар отбасы еншіледі. Үшінші орынға Жезқазған кен байыту фабрикасынан Құдайқұловтар отбасы табан тіреді.
Көңілді стар спорттық шарасында белсене қатысқан отбасыларға «Үздік отбасы» номинациялары беріліп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, аталмыш шара кеншілер мен байытушылардың төл мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отыр.
Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.