Кеншілердің кәсіби мерекесіне арналған шаралар легі өз бастауын алды. Энергетика басқармасындағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті мен «Jastar Bolashaq» Жастар одағы бірлесіп басқарма еңбеккерлерінің арасында «Қызықты жарыс» эстафетасын өткізді.
Аталмыш жарыс еңбеккерлерді бірлік пен ынтымаққа, салауатты өмір салтын ұстануға насихаттады. Сайыс жеті кезеңде өтті. Оған 7 команда қатысып, өзара бақ сынады. Әрбір кезеңнің тапсырмасынан сүрінбей өткендер ақтық мәреге жетіп, марапатқа ие болды.
Басқарма еңбеккерлерінен құралған «Тесла» командасы бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды «ВСО» командасы иеленді. Үшінші орын «Намыс» командасының .лесіне тиді. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар атынан 150,125,100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді.
Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.