Қазіргі қоғамда сапалы білім мен еңбек нарығындағы мүмкіндік бір-бірінен ажырамайды.
Конституция еңбек ету бостандығы мен кәсіпті еркін таңдау құқығын бекітсе, білім алуға да конституциялық кепілдік береді.
Білім — адамның кәсіби әлеуетін арттырады. Ал еңбек — сол білім мен қабілетті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сондықтан еңбек пен білімді Конституцияда бекітілген адамның мүмкіндіктерін кеңейтетін өзара байланысты құндылықтар ретінде қарастыруға болады.
📍 Ұлытау облысы үшін жастардың сапалы білім алып, кәсіби бағдарын анықтап, еңбек нарығында өз орнын табуына жағдай жасау — маңызды міндеттердің бірі.
🇰🇿 Конституция — адамның білім алып, еңбек ету арқылы өз мүмкіндігін жүзеге асыруының құқықтық негіздерінің бірі

