Жұма, 9 Қазан , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс»

«Қазақмыс» Жезқазған мыс балқыту зауытын жаңғыртуға 25,2 млрд теңгеден астам қаржы салды

Жезқазған мыс балқыту зауытында өндірістік қуатты жаңарту және кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Биыл «Қазақмыс» Тобы зауытты жаңғыртуға, технологиялық жабдықтарды қайта жарақтандыруға, өндірістік инфрақұрылымды дамытуға және негізгі қорларды жаңартуға 25,2 млрд теңгеден астам инвестиция қарастырған.

10.08.2026
- «Қазақмыс», Жаңалықтар
0
«Қазақмыс» Жезқазған мыс балқыту зауытын жаңғыртуға 25,2 млрд теңгеден астам қаржы салды
74
БӨЛІСТІ
206
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Кәсіпорындағы ауқымды жаңғырту жұмыстары өндірістің негізгі буындарымен қатар энергетикалық нысандарды, инженерлік инфрақұрылымды және қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған нысандарды да қамтиды. Негізгі басымдық – өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету, жабдықтардың сенімділігін арттыру, еңбек қауіпсіздігін күшейту және технологиялық әрі экологиялық көрсеткіштерді жақсарту.

Инвестицияның ең қомақты бөлігі металлургиялық жабдықтарды күрделі жөндеуге жұмсалуда. Бұл бағытқа 15,9 млрд теңге бөлінген. Қазір балқыту цехында №2 кен-термиялық пешке, №1–3 анод пештеріне және №1–4 конвертерлерден тұратын конвертер блогына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Жұмыстардың нәтижесінде жабдықтардың техникалық жағдайы жақсарып, олардың пайдалану мерзімі ұзарады әрі өндірістік үдерістің тұрақтылығы артады. 

Технологиялық жабдықтарды жаңартуға тағы 3,6 млрд теңге бағытталған. Мыс электролизі цехында 234 полимербетон ваннасы орнатылып, ТНДП-10000/10 күштік трансформаторы жаңартылуда. Сонымен бірге №39 көпірлі кранды монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Ал балқыту цехында №1 айналмалы құю машинасын, жылу-энергиямен жабдықтау цехында Н-900 турбоайдағышын ауыстыру жоспарланған.

Өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру де жаңғырту бағдарламасының маңызды бөлігі саналады. Осы мақсатқа 4,4 млрд теңге қарастырылған. Қаржы №1 градирняны күрделі жөндеуге, мыс электролизі цехының шатырын ауыстыруға және конвертер бөлімшесінің шатырын қалпына келтіруге жұмсалуда.

Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға да назар аударылған. Балқыту цехының әкімшілік-тұрмыстық кешеніндегі жуынатын бөлмелерді күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл өндірістік нысандарды жаңартумен қатар, жұмысшыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған шаралардың бірі.

Жыл соңына дейін шихта дайындау цехының жабдықтарын күрделі жөндеуге және кран жабдықтарына қауіпсіз қызмет көрсетуге арналған арнайы алаң салуға қосымша 1,4 млрд теңге инвестициялау жоспарланып отыр.

Жезқазған мыс балқыту зауытындағы жаңғырту жұмыстары «Қазақмыстың» металлургиялық кәсіпорындарды ұзақ мерзімді дамытуға бағытталған инвестициялық бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Жобаларды кезең-кезеңімен іске асыру өндірістің сенімділігін арттыруға, жабдықтардың тиімділігін көтеруге және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігін күшейтіп, жұмысшылар үшін қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыруға жол ашады

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ

Бөлісу30Твитерге19

Көп қаралған

  • Бағаналының Сағындық батыры

    Бағаналының Сағындық батыры

    935 бөлісті
    Бөлісу 374 Твитерге 234
  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1679 бөлісті
    Бөлісу 672 Твитерге 420
  • Бас тартудың мәнісі

    252 бөлісті
    Бөлісу 101 Твитерге 63
  • Тарихқа табан тіреген тұлға

    330 бөлісті
    Бөлісу 132 Твитерге 83
  • «Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

    643 бөлісті
    Бөлісу 257 Твитерге 161
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру