Бейсенбі, 10 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

9 тамыз – Құрылысшы күні! Ғұмырын құрылысқа арнаған азамат

Құрылысшы – уақытпен үндесіп, тарихпен бірге жасайтын мамандық. Олар тұрғызған әрбір ғимарат, салған әрбір нысан елдің дамуы мен өркендеуінің айғағына айналады. Құрылысшының қолтаңбасы – қалалардың келбетінде, өндіріс орындарының қуатында, тұрғындардың жайлы тұрмысында сақталады. Осындай абыройлы мамандыққа саналы ғұмырын арнап, жарты ғасырға жуық еңбек еткен жандардың бірі – Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы, тәжірибелі инженер Даулбаев Аман Шабағанұлы.

07.08.2026
- Жаңалықтар, Замандас келбеті
0
9 тамыз – Құрылысшы күні! Ғұмырын құрылысқа арнаған азамат
76
БӨЛІСТІ
210
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Аман Шабағанұлы 1955 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Мектепті 1972 жылы тәмамдап, Қарағанды қаласындағы Еңбек Қызыл Ту орденді политехникалық институтының құрылыс-инженерлік факультетіне оқуға түседі. 1977 жылы инженер-құрылысшы мамандығын алып шыққан жас маман еңбек жолын туған өлкесінде бастайды. Құрылыс саласында қарапайым прорабтан бастап бөлім инженері, кейін мекеме басшысына дейінгі жауапты қызметтерді атқарған ол әрдайым кәсібилікті, сапаны және адал еңбекті басты қағидасы етіп келеді.

1998 жылдан бастап «Қазақмыс» корпорациясы жүйесінде еңбек етіп, еліміздегі бірқатар ірі өндірістік және әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне атсалысты. Оның ішінде «Жомарт» кенішінің құрылысы, Балқаш қаласындағы мырыш зауыты, Нұрқазған кенішіндегі жерасты гаражы мен әкімшілік-тұрмыстық корпус, сондай-ақ Сәтбаев қаласындағы мұз айдыны бар спорт кешені бар.

Еңбек жолының келесі кезеңі халықаралық жобалармен жалғасты. 2008 жылдан бастап шетелдік компаниялармен бірге Хромтаудағы Донской кен-байыту комбинатының, Ақтаудағы мұнай өндірісі станциясының, Түркістан өңіріндегі өндірістік кешеннің кеңейту жұмыстарының және Балқаштағы мыс зауыты құрылысының жүзеге асуына үлес қосты.

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа қалалық келбетін қалыптастыру ісінен де шет қалған жоқ. 2016 жылдан бері Сәтбаев қаласының 6 және 8 шағынаудандарындағы тұрғын үйлердің, ал 2020 жылдан бастап Жезқазған қаласындағы Алаша хан көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысында қызмет атқарып келеді.

Көп жылғы тынымсыз еңбегі мемлекет тарапынан лайықты бағаланды. 2022 жылы Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатына ие болса, 2023 жылы оған «Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы» төсбелгісі табысталды. Бұл – бір адамның ғана емес, құрылыс саласына адал қызмет еткен тұтас буынның еңбегіне көрсетілген құрмет.

Аман Шабағанұлының айтуынша, құрылыс – жай ғана мамандық емес, үлкен жауапкершілік.

– Құрылысшы салған нысан ондаған, тіпті жүздеген жыл халыққа қызмет етеді. Сондықтан әр кірпіштің дұрыс қалануы, әр жобаның сапалы орындалуы – біздің азаматтық парызымыз. Ең үлкен марапат – халықтың игілігіне айналған еңбегіңді көру, – дейді тәжірибелі құрылысшы.

Құрылысшылар күні қарсаңында ол барша әріптестеріне ақжарма тілегін де жеткізді.

– Қазақстан Республикасының барлық құрылысшыларын кәсіби мерекелері – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әсіресе Ұлытау облысында еңбек етіп жүрген әріптестеріме ерекше ризашылығымды білдіремін. Өңіріміздің өсіп-өркендеуіне, жаңа нысандардың бой көтеруіне қосып жүрген еңбектеріңіз зор. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін. Еліміздің әрбір құрылыс нысаны сапалы болып, халқымыздың игілігіне қызмет ете берсін. Ұлытауымыз көркейіп, Қазақстанымыз гүлдене берсін! – дейді ардагер құрылысшы.

Елдің ертеңі – сапалы құрылыста. Ал сапалы құрылыстың негізінде кәсібіне адал, еңбегіне жауапты азаматтар тұрады. Даулбаев Аман Шабағанұлы – осындай еңбек адамдарының жарқын өкілі. Оның жарты ғасырға жуық еңбек жолы кейінгі жас құрылысшылар үшін тағылымды мектеп, адал еңбек пен кәсіби шеберліктің өнегелі үлгісі.

Ізтай Белгібайұлы.

Бөлісу30Твитерге19

Көп қаралған

  • Бәйеш батыр

    Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1549 бөлісті
    Бөлісу 620 Твитерге 387
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Мың жарым балаға жазғы лагерь қуаныш сыйлады

    87 бөлісті
    Бөлісу 35 Твитерге 22
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру