Жұма, 9 Қазан , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс»

Қазақмыс 6,7 млрд теңгеге тау-кен шахта жабдығының сенімділігін арттыру бағдарламасын жүзеге асыруда

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС тау-кен шахта жабдығының сенімділігін арттыру бағдарламасын жүзеге асыруда. Осы мақсатта ағымдағы және күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге, негізгі тораптарды қалпына келтіруге және кәсіпорындарды қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуге компания қосымша 6,7 млрд теңге бағыттады.

03.08.2026
- «Қазақмыс», «Қазақмыс» құрылымдарында
0
Қазақмыс 6,7 млрд теңгеге тау-кен шахта жабдығының сенімділігін арттыру бағдарламасын жүзеге асыруда
73
БӨЛІСТІ
204
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Бөлінген қаражат жабдықтың техникалық дайындығын тиісті деңгейде ұстап тұруға, өндірістік үдерістің сенімділігін арттыруға және кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Жалпы қаржыландыру көлемінің 1,463 млрд теңгесін ағымдағы жөндеу жұмысына, ал 5,313 млрд теңгесін өздігінен жүретін тау-кен шахта жабдығының негізгі тораптарын күрделі жөндеуге және қалпына келтіруге бағыттау көзделген.Қаржыландырудың негізгі бөлігі – жалпы көлемнің 77%-ын құрайтын 5,2 млрд теңгесі – Жезқазған өңірінің кәсіпорындарына бағытталды. Балқаш өңіріне 835 млн теңге, Қарағанды өңіріне 725 млн теңге қарастырылған. Қаражат өндірістік жүктеме көлемін, пайдаланылатын техника санын және өңірлерде жөндеу бағдарламасын іске асыру қажеттілігін ескере отырып бөлінді.Бағдарлама аясында тау-кен шахта жабдығының 216 торабын қалпына келтіру көзделген. Бүгінде 28 торап толық қалпына келтіріліп, 15 торап жаңасына ауыстырылды. Тағы 80 торап бойынша тапсырыс берілсе, 124 торапқа қатысты жұмыс қолданыстағы шарт сомасын ұлғайту аясында жүзеге асырылуда.

 

Жөндеу бағдарламасы белсенді кезеңге жетті. Қазіргі уақытта бөлінген қаражаттың 1,216 млрд теңгесі игерілді, тағы 4,797 млрд теңгесі жөндеу жұмысын орындауға бағытталды. Қалған қаражат ағымдағы және күрделі жөндеу жұмысын жалғастыруға, тораптар мен қосалқы бөлшектер қорын толықтыруға, сондай-ақ жыл соңына дейін жөндеу бөлімшелерін қажетті материалмен қамтамасыз етуге жұмсалады.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-на тиесілі тау-кен шахта жабдығының паркі 747 техника бірлігін құрайды. Жабдықтардың техникалық дайындық коэффициенті (ТДК) 0,84 деңгейінде. Бұл жоспарлы көрсеткішке сәйкес келеді және өндірістік міндетті орындауға қажетті техниканың дайындық деңгейін және кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

Жабдықтың сенімділігін арттыру – Қазақмыстың өндірістік активтерді жаңарту бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі. Компания жөндеу жұмысының көлемін кезең-кезеңімен ұлғайтып, жөндеу инфрақұрылымын нығайтуда, сондай-ақ кәсіпорындарды қажетті материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етіп, техниканы қауіпсіз әрі тиімді пайдалануға жағдай жасауда.

Бөлісу29Твитерге18

Көп қаралған

  • Бағаналының Сағындық батыры

    Бағаналының Сағындық батыры

    935 бөлісті
    Бөлісу 374 Твитерге 234
  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1679 бөлісті
    Бөлісу 672 Твитерге 420
  • Тарихқа табан тіреген тұлға

    330 бөлісті
    Бөлісу 132 Твитерге 83
  • Білім алу құқығы — конституциялық мүмкіндік

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі

    70 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру