Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Алғыс алған Атабек

17.06.2022
- Мерей
0
Алғыс алған Атабек
96
БӨЛІСТІ
268
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қолына қандауыр ұстап, көптің көңілінде қалған бірнеше оташыны білемін. Марқұм Еңбек Орынғалиев пен Әбдірахман Досановты дүркін-дүркін еске алғанды талай көрдім. Мед-сан. бөлімшеде болған қос Серік: Нысамбаев пен Орал кімнен кем? Медорталықта ота бөлімін басқаратын Сағат Қожасов пен көпбейінді ауруханадағы Боранбай Әбенов ше?

Кейінгі кезде жарқырай көрінген кеншілер қаласындағы орталық ауруханада ота бөлімшесін басқаратын Атабек Диметов. Бүгінгі әңгіме көптің алғысын арқалаған азамат туралы.

Түркістанның түлегі орта мектепті «Алтын белгімен» аяқтады. Қ.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін үздік бітірді. Шымқала ауруханасының «Жедел жәрдем» стансасы базасында «Жалпы хирургиядан» екі жыл интернатурадан өтті.

Еңбек жолын 2004 жылы кеншілер қаласындағы №1 орталық ауруханада дәрігер-оташы болып бастады. Ота жасауда теориялық және тәжірибелік дағдысын жетілдіріп отырды, жаңа технологияны енгізуге ұмтылды. Кейінгі жылдары Астана мен Алматыда, Санкт-Петербургте біліктілігін көтеріп қайтты.

«Жалпы хирургия», «Сәулелі диагностика», «Кардиология», «Трансфузиология» саласынан сертификаты бар. 2009 жылдан бері «Жалпы хирургиядан» бірінші санатты дәрігер. «Жылдың үздік оташысы» атанып, қала әкімінің атаулы сыйлығын иеленген. Ең басты көрсеткіш – айыққан адам мен үзілмеген өмір. Ол осылай ойлайды.

2011 жылдың 1 сәуірінен ота бөлімшесін басқарады.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

Жалпы Атабек жөнінде жылы лебізді бұрын да естіп жүретінмін. Бұдан жеті жылдай бұрын бетпе-бет кездестім. «Бетпе-бет» дегенім бергі жағы, шындығында елемей жүрген сырқатым оңдырмай ұстап, ота бөлімшесінен бір-ақ шығарған. Сонда Атабектің арқасында «о дүниеге» өтіп кетпей, босағасынан сығалап қайтқанмын.

Жас ұлғайғасын болмайды екен. Ескірген автокөлік сияқтысың: бір бөлшегін бүтіндеп жатсаң, тағы бір торабы кетіп, итіңді шығарады. Автокөліктің де, адамның да ұзақ «жасауының» жалғыз жолы – күтім! Ал, адамның табиғатын түсіну қиын: дәрігердің айтқан бар ақыл-кеңесі айыққан ауруымен бірге ауруханада қалады. Сол жолы мен де сөйткем. Соның салдарынан көп ұзамай ауруханаға тағы түстім.

Ота жасауға көзімді жеткізді, қысқасы көндірді. Атабектің қолы жеңіл екен. Ота өте сәтті өтті. Тура бір тәулікте тұрып кеттім. Қазір айтуға оңай, әйтпесе қаншама адам табанынан таусылып, тік тұрып қызмет көрсетті?! «Бәрі басшыға байланысты» деген тәмсіл тура Атабек басқаратын ота ұжымына арнап айтылғандай көрінді маған.

«Темірдей тәртіп» – табылған теңеу емесін түсініп отырмын. Одан көрі кәнігі кәсібилік пен адами қасиет жұптасқан жүйеге ұқсайды. Ұжымдағы әр қызметкер тұлға тұғырына көтерілген. Мәселе лауазымда емес, шырқыраған жанына шипа іздеген әр сырқаттың алдындағы абырой-беделде. Ол қалтқысыз қызметпен келеді. Төсек тартып жатқан санаулы күнде соған көзің айқын жетеді.

Қолға қалам алғандағы Атабек жөнінде айтпағым осы еді.

Әлібек ӘБДІРАШ.

СӘТБАЕВ қаласы.

 

Бөлісу38Твитерге24
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру