Бейсенбі, 10 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Алпыс жылдағы бедерлі асу

20.03.2026
- Мерей
0
Алпыс жылдағы бедерлі асу
78
БӨЛІСТІ
216
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытаудың ұлы даласының болашақ ұрпаққа кең серпіліс әкелетіні сонау 1930 жылдардан басталды, әйгілі геолог Қаныш Сәтбаевтың 1930 – 1937 жылдардағы қарқынды геологиялық зерттеулерінің нәтижесінде «Жезқазған мыс кен орыны» анықталып, ол ірі мыс кен орындарының бірі ретінде ғылыми тұрғыдан дәлелденді.

Жерасты кен орнының анықталғанымен оны оңтайлы игеру оңайлықа соқпайтыны анық еді. Жалпы кен өндірісі көп санатты механизимдерден тұрады, оның ең бастысы механизімінің бірі – анықталған пайдалы қазбаға жол ашу яғни шахталық жерасты құрылыстарын жүргізу. Осы мақсатта 1966 жылдың 30 наурызында ҚазССР Кеңесі министірлігінің қаулысымен Жезқазған өңірінде ірі кәсіпорын бой көтерді – ол Жезқазған шахтапроходкалау тресі болатын. Шахтапроходкалау тресі № 1, № 2 шахта нысандарын салу учаскелерінен, № 3 күрделі кен қазу учаскесінен және № 1, № 2 басқармалардан құралды.

Кеніштердегі шахта құрылысын жүргізу мақсатында трестің бірінші басқарушысы болып Ғазиз Омарұлы Омаров тағайындалды. Ғазиз Омарұлы басшы ретінде өте қатаң тәртіптің адамы болды. Әр маманның өз жұмыс орнында міндетін мұқият орындалуын талап етті. Екі айттырмайтын. Тресте № 1, 2 басқармалар шахтаның көлденең және тік үңгілеулерін жүргізсе, жаңа құрылған № 3 басқарма оқпандарды әзірлеп, монтаж, электрмонтаж, бетон, армировка және құрылыс жұмыстарды істейтін болды. Осындай қарқынмен сонау 1966 жылдан бастап трестің жұмысы белең алып, мысты өлкенің кеніштеріне жан бітіре бастады.

1966 – 1999 жылдар аралығында Ғазиз Омарұлының бастамасымен басталған көптеген ауқымды жоспарлар орындалып жатты. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Шығыс Жезқазған, Батыс Жезқазған кеніштері ашылып, «Анненск», № 67 шахта, № 73-75 шахталардың оқпандары толығымен өтіліп кен игеру жұмыстарына жол ашылды. Аталған ауқымды жұмыстар оңайлықпен келмеді, ол үлкен күш-жігерді, шыдамдылықты, сарқылмас білім мен тәжірибені, тәртіп пен жауапкершілікті талап етті. Бұл қасиеттер трестің әрбір жұмысшысының бойынан табылатын еді. Ең бастысы басшыда, инженерде, жұмыскерде треске деген патриоттық рухпен алға қойылған айқын мақсаттар болды.

1970 жылы Жезқазған шахтапроходкалау басқармасының басшысы Омаров Ғазиз Омарұлына «СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты» атағы беріледі. Ал, 1974 жылы тресте оқпандарды жылдам жүру бүкілодақтық мектебі ұйымдастырылса, кейін 2009 жылы Шахтопроходкалау трестіне Омаров Ғазиз Омарұлының есімі беріліп, бұдан әрі «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Ғазиз Омарұлы Омаров атындағы шахтапроходкалау тресі болып нақтыланды. Ғазиз Омарұлы еңбек жолында трестің жұмысын жандандыра отырып, өндірісте көптеген мамандарға дұрыс бағыт-бағдар беріп тау-кен істіне дайындай білді. Көптеген мамандар тресте басқарма басшысы, директор болып қызмет атқарды. Солардың бірі «Ұстаздан шәкірті озар» демекші Ғазиз Омарұлының көзін көріп, тәлімін алған, тау-кен ісіндегі шахта құлысының «жілігін шағып-майын ішкен», жұмыстың барысын түсіне білетін білікті маман Қайрат Ұзақұлы Керімқұлов еді.

Қайрат Ұзақұлының еңбек жолы сонау 1990 жылдан бастау алды. Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, тау шебері, телім басшысы, әрі қарай басқарма бас директорына дейін көтерілді. Бойындағы сарқылмас болаттай күш-жігері, білімімен аға буыннан алған өмірлік тәжірибесі ұштасып нағыз тау-кен ісінің майталман маманына айналды. 1990 – 1995 жылдары экономикалық дағдарыспен өндіріске бөлінетін инвестицияның қысқаруы трест үшін өте ауыр кезеңге алып келді. Өндірістің тиімділік көрсеткіш деңгейі күрт түсіп кетті.

Осындай қиын кезеңдерден кейін өндірістің еңсесіне жан бітіріп, тамырына қан жүгіртіп тізгін ұстап, елді алға бастау кімге болсын оңай тимесі анық еді. Көптеген басшылар бірінен соң бірі ауысып жатты. Сондай уақытша дүрбелең кезеңдерде Қайрат Ұзақұлы сол кездегі «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС бас басқарушысы Руслан Юн мырзаға шахтапроходкалау тресінің өткен тарихы мен бүгінгі өмірін сабақтастыра келе, оның Жезқазған тау-кен саласына өте қажетті инструмент екенін диполоматиялық жолмен дәлелдей білді. Нәтижесінде «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС бас басқарушысы қолдау білдіріп Ғазиз Омарұлы атындағы шахтапроходкалау тресінің дамуына, болашағына көңіл бөліне бастады. Ғ. Омарұлы атындағы шахтапроходкалау тресінде техникалар жаңартылып, жоспарлық көрсеткіштер өсе бастады.

Трестің қарамағында үш басқарма және бір жарым мың адам еңбек етіп, отбасын асырап жатты. Қайрат Ұзақұлының басшылығымен және шахтапроходкалау тресінің инженер мамандарымен, жұмыскерлерінің күшімен көптеген жерасты құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп, жаңа кеніштер пайда бола бастады. Соңғы жылдардағы шахтапроходкалау тресінің жетістіктермен жоспарлық көрсеткіштері қарқынды даму үстінде жүрді. Көлденең және тік қазба жұмыстарын жүру ұзындығы 245 мың шаршы метрді құрады. Шахтапрходкалау тресінің өндіріс нысандары Қазақстан республикасы бойынша бес облысты қамтиды: 2000 жылдардың басында Ұлытау облысында Жыланды кенішіндегі «Итауыз, «Қарашошақ», «Сарыоба» шахталарында порталдар өтіліп, кен өндіріле бастады, «Сарыоба» кенішінде № 2.1-2.2 конвейерлік жүйесінің құрылысы салынып кеніштің тәуліктік кен өндіру көлемін 3 мың тоннадан бүгінде 6 мың тоннаға дейін артты. «Жаман-Айбат» кенішінің оқпаны өтіліп, кеніш іске қосылды және конвейерлік жүйе салынып нәтижесінде кеніштің тәуліктік кен өндіру көлемін 4 мың тоннадан бүгінде 12 мың тоннаға дейін артты.

Сонымен қатар Қарағанды облысында «Нұрқазған» кен орнының шахтасында да конвейер құрылысы салынып кеніштің тәуліктік кен өндіру көлемін 4,5 мың тоннадан бүгінде 10 мың тоннаға дейін артты. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысында жаңадан «Жайсаң» кен орнынның ашылуына үлкен үлес қосып, барлық жерасты қазба жұмыстарын жүргізіліп, құрылыс алаңдарын салып берді. Шу өлкесінің маңайынан табылған «Шатыркөл» кен орнында бірнеше портал және жерасты құрылыс нысандары салынса, Абай облысымен шектесетін «Қосмұрын-Ақбастау», «Абыз» кен орындарының ашылуына және оның күрделі геологиялық тау жыныстарының қиындықтарына қарамай көптеген жерасты қазба-құрылыс жұмыстары жүріп, нәтижесінде кеніш кен өндіру жоспарын уақтылы орындап отыр. Балқаш өңірінде «Саяқ» кен орны анықталғаннан кейін, табылған кенге жету үшін бірнеше порталдар салынып жерасты кен-күрделі нысандары бой көтеріп, кеніштің жоспарлық жұмыстарының орындалуына үлкен үлес қосуда.

Сонымен қатар Ғ. Омарұлы атындағы шахтапроходкалау тресі порталдар мен кен-күрделі үңгілеу жұмыстарымен қоса кеніштерде көптеген жерасты құрылыс нысандарын (машина жөндеу орталығы, жерасты су қоймалары, жарылғыш заттар қоймалары, т.б.) қосалқы жерасты құрылыс нысандарының құрылысын жүргізуде. Әрбір бой көтерген жерасты құрылыс нысандарының кеніш үшін пайдасы орасан зор екенін атап өткен жөн.

Қайрат Ұзақұлының басшылығымен ұйымдастырылатын шахтапроходкалау тресінің тағы бір қыры бар, ол апаттық жағдайларда немесе апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында атқарылатын жұмыстарға бей-жай қарамай қандайда бір өндірістік келеңсіз жағдайларда құтқару, қалпына келтіру жұмыстарын атқару. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС кәсіпорнының экономикасының үнемделуін сақтап, орасан шығындардың болу қаупіне тосқауыл бола білу. Дәлірек айтсақ, 1993-1994 жылдары және 2003-2004 жылдар аралығында № 57 шахтаны су аралас лай басудан құтқарған, сондай-ақ 2004 жылы № 67 шахтаның скиптік клетінде үлкен өрт болып оқпанға қауіп төніп үлкен залал келген, осы орайда трестің құтқару бригадасының көмегімен жылдам арада оқпанды қайта іске қосу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы «Саяқ» кен орнында ауа беру ұңғымасын «RINO-2007» бұрғылау қондырғысымен бұрғылау кезінде ұңғыма ішінде бұрғылау штангасы сынып өндірістік апаттық жағдай орын алды. Салдарынан компания экономикасына орасан шығын келетін еді, бірақ трестің директоры Қайрат Ұзақұлының нұсқаулығымен және трестің білікті мамандары мен ержүрек азаматтарының қырағылықтарының арқасында аталған апатқа тосқауыл қойылып, барлық бұрғылау штангалары сәтті шығарылып, компания экономикасына едәуір үлес қосылды. Тағы бір үлкен өндірістік авариялық құтқару шаралары «Жыланды» кенішінде диамерті 4,5 метірлік жерастына ауа беру ұңғымасының оқпаны жоғарғы қабаты опырылып 30 тонналық бетон жабындысымен оқпан бітеліп қалады. Қайта қалпына келтіру жұмыстарын жасау үшін хабарлама беріліп мердігер компаниялар шақырылады, өкінішке орай мұндай бұрын-соңды болмаған авариялық жұмысты ешқандай компания істеуге қауқар танытпады. Соңында Қайрат Ұзақұлының арнайы жоспары құрылып, сол нұсқауымен компанияның экономикасына ешқандай залал келтірместен шахтапроходкалау трест жұмыскерлері ұңғыманың айналасын кеңейте отырып отыз метр тереңдікке жетіп опырылған 30 тонналық бетон жабындысын тазалап, ұңғыманы ашты. Қазылған жерді қайта жауып көгалдандырды. Нәтижесінде 600 метр тереңдіктегі жерасты шахтасына жеткілікті ауа беріліп, копмпания экономикасына орасан зор пайда келді. Міне, айта берсе атқарылған жұмыстардың легі ұшан-теңіз.

2019 жылы Ғ. Омаров атындағы шахтапроходкалау тресі «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС филиалының құрылымы болып бекітілді.

Бүгінгі таңда Қайрат Ұзақұлы бастаған Ғ. Омаров атындағы шахтапроходкалау тресі Жезқазған және Қарағанды шахтапроходкалау басқармасынан құралған, оған қоса механикалық цех, электромонтаждау телімі, су жүйесін басқару телімі, құрылыс нысандарын салу бөлімі және геологиялық күрделі нысандарға арка бекітпелерін қоюшылар телімі де қарастырылған, жалпы тресте бір мың бес жүзден аса адам қызмет етеді.

Өндірістік барлық жұмыстарда басшылықтың нұсқауымен жоспарын іске асыратын жоғары санатты инженер мамандардан құралған күшті құрама бар, ол бас инженер Ғалым Абдуллаұлы Жәнәлі бастаған, өндіріс бойын-
ша директордың орынбасары Оңдасын Тұрсынханұлы Көкеев, кадрлар және еңбекті ұйымдастыру бойынша директордың орынбасары Асхат Сапарғалиұлы Абдиғожин, экономика және қаржы бойынша директордың орынбасары Ержан Әубәкірұлы Әубәкір, өндірістік бөлім басшысы Ардақ Даурханұлы Мағзұмов, техникалық бөлім басшысы Алма Серікқызы Серікова, бас механик Қайрат Шәріпбекұлы Ұршықов, бас энергетик Нұржан Нөпірбайұлы Әбіш, бас маркшейдер Равиль Ерденұлы Ибраев, бас геолог Талап Шынарбекұлы Шынарбек, шаң желдету бөлім басшысы Өміржан Садықұлы Ахметов және Қарағанды шахтопроходкалау басқарма басшысы Бейсенбек Мұханбетжанұлы Бұлақпаев сияқты білікті мамандардан құралған.

Шахтапроходкалау тресінің білікті мамандары мен жігерлі жұмыскерлерінің көрсеткіші бойынша, казіргі уақытта жиырма екі бригада көлденең кен- күрделі қазба жұмыстарын жүргізсе, екі бригада тік қазба жұмыстарымен айналысады. Жылдық жоспар бойынша 1966 – 1990 жылдармен салыстырғанда бүгінде көрсеткіштер едәуір жоғары деңгейге жеткен, қазба жұмыстарын жүру ұзындығы 37 мың шаршы метр болса, қазылатын тау жыныстарының көлемі 854,1 мың текше метрді құрайды. Сонымен қатар еліміз бойынша бірден-бір тиімді саналатын құрылғының бірі жердің бетінен шахталарға ауа беру үшін диаметрі d-2500 мм және 4500 мм болатын «RINO-2007» бұрғылау қондырғысының көмегімен желдету ұңғымалары бұрғыланады, жылдық көлемі 2464 шаршы метрді құрайды. Биыл Ғ. Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінің құрылғанына 60 жыл толады. Осы уақыт аралығында ел экономикасының дамуы жолында, Қазақстанның тау-кен өндіріс саласына, «Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорнының пайдалы қазбаларды табу және оны игеру жолында көптеген жұмыстар атқарып елеулі үлес қосты.

2022 жылы шахтапроходкалау тресі Жезқазған қаласынан Сәтбаев қаласына көшірілді. Қайрат Ұзақұлының тікелей нұсқауымен және нақты жоспарымен әкімшілік ғимарат қайта қалпына келтіріліп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Басшылықтың жоспары бойынша әрбір қағылған шегеден бастап, отырғызылған ағаштар мен көгалдар өз орнын тауып жаңа ғимараттың сәнін келтіріп, кішігірім оазиске айналды. Ғимарат нысанын қалыпқа келтіру үлкен шыдамдылықпен, сауаттылықпен, құрылымдық күшпен келді. Бүгінгі таңда Қайрат Ұзақұлының арқасында мекемеде қызмет ететін әр жұмысшыға толық жағдай жасалған. Барлық телімдері бір ортада шоғырланған, әр телім басшының өз кабинеттері, жуыну алаңдары, бірнеше парное бөлмесі, тамақтану орыны, жаңа машина қою алаңы, жабық спорттық алаңдар (тенис, футзал, волейбол, жаттығу зал т.б) заман талабына сай жабдықталған. Сонымен қатар жұмысшылардың денсаулығына аса назар аударылып, медициналық орталық салынды оның ішінде жедел профилактикалық ем алу аппараттары, массаж креслолары, алғашқы көмек үшін түрлі іс-шараларға арналған медициналык аппараттармен жабдықталған.

Шахтапроходкалау тресінде туған елге, жерге деген патриоттық рух беретін, өткенге тағызым аясында ұлыларды ұлықтау мақсатында т.б. көптеген мағыналы іс-шаралар ұйымдастылады. Нәтижесінде адамның бойында ұлттық болмыс, тәрбие, мәдениет, адам мен қоршаған ортаға деген оң көзқарас пайда болады. Осындай мақсатта 2025 жылы шахтапроходкалау мекемесінде Ұлытау облысы бойынша ең үлкен, тұғыры биік ту тігілді.

Ғазиз Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінің болашаққа деген ұстанымы берік, қадамы нық. «Қазақмыс» компаниясының өндірістік саяси ұстанымын қолдап, компания экономикасының өсуіне, кен орындардағы пайдалы қазбалардың уақтылы игерілуіне жол ашуға ықпалы мол екенін атап айтуға болады. Алдағы жоспарда, «Жомарт» кен орнында қосалқы оқпанын іске қосу, қосалқы портал қазба жұмыстарын жүру болса, «Нұрқазған», «Жыланды», «Жомарт» кеніштерінде түрлі жерасты құрылыс нысандарын салу жоспарда бар.

Ғазиз Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінің білікті басшысы Қайрат Ұзақұлының жүргізіп отырған саясатының нәтижесінде әрбір жұмыскер алдағы уақытта алға қойған жоспарларды орындап, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарымен бірге тау-кен саласында әлі де көптеген кен игеру нысандарына жол ашып, Қазақстанның болашағына, оның ішінде Ұлытау өңірінің дамуына өз үлестерін қосып, аянбай еңбек ететініне сенім мол.

Талап Шынарбекұлы,
Қазақстан Республикасы Ұлытау облысы бойынша
«Ауыл» партиясы өңірлік филиалының бастауыш партия ұйымының жетекшісі.

Бөлісу31Твитерге20

Көп қаралған

  • Бәйеш батыр

    Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1549 бөлісті
    Бөлісу 620 Твитерге 387
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Мың жарым балаға жазғы лагерь қуаныш сыйлады

    87 бөлісті
    Бөлісу 35 Твитерге 22
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру