Жезқазған қаласында референдум өтетін күні тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді.
Аталған күні қала ішіндегі барлық автобус бағыттары жолаушыларды ақысыз негізде тасымалдайды. Бұл шара қала тұрғындарының референдумға кедергісіз қатысуына мүмкіндік жасауға бағытталған.
Қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікті күні бойы тегін пайдалана алады.
Баршаңызды белсенді болып, ел болашағы үшін маңызды қоғамдық-саяси шараға қатысуға шақырамыз!

