Сейсенбі, 15 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Қоғам

Азамат, сен Отаныңның қорғанысың!

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

05.05.2023
- Қоғам
0
Азамат, сен Отаныңның қорғанысың!
156
БӨЛІСТІ
434
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

1992 жылдың 7 мамырында «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлыққа сай дербес әскеріміз құрылды. Сол себепті осы  күн Отан қорғаушылар күні деп белгіленді. Міне, содан бастап мемлекетімізде ерлік, міндет, абыройды қатар алып жүрген жандардың мерекесі әр жыл сай аталып келеді.

Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десе де болады. Бүгінгі таңда Қазақстан әскери техникасы дамыған, қорғаныс қабілеті күшті, бейбітшілігі баянды мемлекет болып саналады. Тәуелсіздік жылдарында әскерімізге барынша жағдай жасалып келеді. Қарулы Күштердің қабылеті мықты, айбыны асқақ. Соңғы жылдары Қазақстан әскерінде жұмылдыру резервін да­йындау, әскери қызметке шақыртуды ұйымдастыру, келісімшарт бойынша әскери қызметті білікті мамандармен жасақтау мәселесі қолға алынып, жыл сайын Қарулы Күштер қатары нығайып келеді.

Ұлытау облысында қорғаныс істері департаменті құрылып, өз жұмысын бастады. Біздің негізгі мақсатымыз – жастарымызды отансүйгіштікке баулып, елінің айбыны болатын рухы мықты азаматтарды қалыптастырып, үгіт-насихат жүргізу және Отан алдындағы міндетін адал орындауға үндеу. Департамент құрылғаннан бергі  уақыт ішінде жастармен тәрбиелік мазмұндағы ауқымды жұмыстар жүзеге асуда.

Департамен құрылғанна бері екі кезеңнен тұратын азаматтарды әскери қызметке шақырудың алғашқы – көктемгі кезеңін жүргізудеміз.  Көктемгі әскери мерзімді қызметке шақыру бойынша наурыз-маусым айлары аралғында 300 азаматтың әскерге баруын қамтамасыз етеміз. Қазіргі таңда 140 азамат әскери міндетін өтеуге аттандырылды. Күзгі жедел әскер қызметіне шақыру межесі де 300-ден кем болмайды деп үміттенеміз. Өйткені,Ұлытау облысынан әскер қатарына баруға ниетті жігіттердің ынтасы басым. Бұл қуантарлық жайт.

Ер бала отбасының тірегі, елінің қорғаны, айбынды сарбаз болуы тиіс. Өйткені бүгінгі бозаң шақта жүрген бозбала ертең әскер қатарына қосылғанда елдің шетінде, желдің өтінде жүріп ел тыныштығын қорғайды. Ата-ананың аялы алақаны, жылы ұясынан шыққан жеткіншек «әскер» атты үлкен өмір мектебінде шыңдалады, шынығады. Темірдей тәртіп пен төзімді талап ететін әскери өмір көк байрақ пен қалың жұртты кірпік қақпай күзету қауіпсіздіктің қалқаны, тұрақтылықтың тірегі саналады.

Бабаларамыз білектің күшімен, найзаның ұшымен әлемдегі жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды иеленетін территорияны бізге аманат етті. Енді біз байтақ жерімізді қорғап, тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, өскелең ұрпаққа беретін тәрбиемізді де осы бағытқа негіздеп, туған жердің қасиеті мен киесін ұғындырғанымыз абзал.

Ербол  Уткельбаев,

 Ұлытау облысы қорғаныс істер департаменті бастығының орынбасары. Тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының бастығы,  подполковник.

 

 

Бөлісу62Твитерге39

Көп қаралған

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • #ЗАКОН И ПОРЯДОК — ОСНОВА СТАБИЛЬНОСТИ ОБЩЕСТВА

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌿 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА АЙМАҚ, ТАЗА БОЛАШАҚ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру