«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ-не қарасты Мамандандырылған жөндеу-мехавникалық басқармасында Дәнекрелеушілер күніне орай кәсіпорындағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен 2- разрядты электргазбен дәнекерлеушілер арасында шеберлік байқауы өтті.
Оған 32 дәнекерлеуші қатысты. Байқау мақсаты – дәнекерлеушілердің теориялық білімін нақтылап, шеберлігін шыңдау. Байқауға қатысушылар әуелі теориялық тұрғыда сынақ тапсырса, екінші кезеңде тәжірибелік сыннан өтті. Кәсіпорын директоры Георгий Юсупов бастаған арнайы топ дәнекерлеушілердің жұмыс орнындағы қауіпсіздік жағдайын ескеруін, жұмысты бастауын, бөлшеткерді сапалы қиюластырып, дәнекерлеуін, оны сақтықпен аяқтап шығуына баса мән берілді. Тәжірибелік жұмысты атқаруға 20 минут уақыт берілді. Арнайы құрылған комиссия құрамында бас энергетик Константин Ищенко, бас механик Мусаниф Сефербеков, «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Серік Алтынбеков болды.
Кәсіподақ комитетінің төрағасы Серік Алтынбеков аталмыш байқау дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқандығын алға тартты. Оның айтуынша, байқауға қатысқан дәнекерлеушілер өздерінің разрядтарын көтеруге мүмкіндік алады.
Бұл байқау еңбеккерлерімізджің кәсіби өрлеуіне үлкен септігі бар. Сондықтан біз бұл байқауды үзбей, дәстүрлі түрде өткізіп келеміз. Алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, – дейді ол.
Байқау қорытындысының нәтижесінде бірінші орынды Дмитрий Пронькин, екінші орынды Сергей Кривцов, талғат Қошқарбаев үшінші орынды иеленді. Игнат Перятинский «Жеңіске деген ұмтылысы үшін» аталымына ие болды. Данияр Қасымбеков жас маман ретінде көзге түсіп, басшылықтың назарына ілікті.
Жеңімпаздар ұйымдастырушылар атынан қаржылай сыйақымен марапатталды. Байқауға белсен қатысқан өзге еңбеккерлер де кәсіподақ атынан құрметтелді.
Бағдат АЙТӨРЕ.