«Жезқазғантүстімет» ӨБ кәсіпорындарында бір ай көлемінде экологиялық айлық жарияланған болатын. «Жезқазғантүстімет» ӨБ Бас директоры Бауыржан Баймұхановтың қатысуымен акцияның қорытындысы шығарылып, онда көзге түскен кәсіпорындардың басшылары, шараның белсенді қатысушылары марапатталды.
Кәсіпорын еңбеккерлері өндіріс алаңдарының аумағына баттандырып, өздері үзіліс мезгілінде демалатын арнайы орындар жасақтады. Мониторингтік топты басқарған «Қазақмыс» корпорациясының Жезқазған аймағы бойынша әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басшысы Сабыржан Тембаев экологиялық айлықтың нәтижесін баяндады.
– Кәсіпорындардың аумақтарында абаттандыру мен көгалдандырудан сыртқа қолайлы жағдай қалыптастыру байқаудың басты талабы болатын. Әрбір өндіріс нысанының еңбеккерлері өздерінің идеяларын жүзеге асыра отырып, шағын саябақтарға дейін жасақтап шықты. Бұл – үлкен еңбек.
Бүгінде корпорация еңбеккерлері, өңірдің барлық тұрғындары сияқты, облыстың құрылуына және абаттандыруға өз үлестерін қосуда, – деді ол.
Акцияға қатысушыларды ынталандыру мақсатында «Amanat» партиясы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы мен «КәсіпҚорған» кәсіподағының Жезқазған филиалы қолдау көрсеткен болатын. Үздіктерді марапаттау салтанатында шараның маңыздылығы туралы баяндалып, алдағы уақытта да жалғасын тапса деген ұсыныс тарайтылды. Еңбек ұжымдары мен кәсіпорын басшылары ұсынысты қолдады.
Сонымен, байқаудың бас жүлдесіне тағайындалған 160 мың теңгені «Жомарт» кеніші жеңіп алса, бірінші орынның жүлдесі – 100 мың теңге Жезқазған байыту фабрикасының үлесіне тиді. Ал, екінші орынға тағайындалған 70 мыңды «Батыс» кеніші мен мамандандырылған энергия-жөндеу басқармасы бөлісті. Үшінші орынның 50 мың теңгесін Шығыс Жезқазған кеніші мен мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасыиеленді.
Бағдат АЙТӨРЕ.