«Қазақмыс» Холдинг тобы, «Қазминералс», «Қазақ алтын», «Алтын алмаз» сынды алып компанияларда еңбек ететін қарапайым еңбек адамының мүддесі мен құқытраны қорғау жолында беделді ұйымға айналған тау-кен – металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағы алғашқы белес – 10 жылдық мерейтойын атап өтті.
2012 жылдың 17- мамырында құрылған «КәсіпҚорған» кәсіподағы бүгінде беделі биік ұйымға айналды. Қарапайым еңбек адамының сеніміне ие болған «КәсіпҚорған» кәсіподағының бұл торқалы тойы Қарағанды қаласында салтанатты жағдайда өтті. Ұйымның Орталық кеңесінің жиынына кәсіподақтың қызметкерлері, сала ардагерлері, әлеуметтік серіктестер қатысты.
Салтанатты бас қосуды құттықтау сөзімен ашқан «КәсіпҚорған» салалық кәсіподағының төрағасы Ерболат Сатыбалдин:
– Биыл салалық «КәсіпҚорған» кәсіподағының құрылғанына 10 жыл толып отыр. Осы кәсіподақтың құрылуына, оның аяғына қаз тұрып, дамуына, еңбеккерлердің-өз мүшелерінің толыққанды қорғанына айналуға ат салысқан, көмектескен, қолдаған баршаңызды осы шағын да болса атаулы мерейлі күнмен құттықтауға рұқсат етіңіздер, – деді.
Жиналған көпшілік ұйымның құрылуы мен дамуына өзіндік қолтаңбаларын қалдырған, өмірден өткен Сұлтанбек Мұрзақоңыров, Ақылжан Тұңғышбаев, Амантай Әбсалықов, Бейбіт Нұржанов, Тлеген Жұмабеков, Тоғызбай Тәжбенов сынды азаматтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, тағзым жасады.
«КәсіпҚорған» кәсіподағы төрағасының орынбасары Уәлихан Нұржанов ұйымның 10 жылдағы жеткен жетістіктеріне тоқтала келіп, алдағы даму жобасымен таныстырды. Кәсіподақтың атқарылған жұмыстары оң бағаланып, даму бағдарламасы қолдау тапты.
Басқосудың негізгі бөлімінде кәсіподақтың бүгінгі деңгейге жетіп, бағыт-бағдарының жүзеге асуына үлес қосқан қызметкерлері мен белсенділері марапатталып, құрмет-қошеметке кенелді.
Марапаттау сәті Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты Сергей Ершовтың құттықтауымен бастау алды.
Қарағанды облыстық мәслихаты тұрақты комиссиясынң төрағасы Хадиша Оспанова ұжымды мерейтойымен құттықтай келіп, бір топ сала маманына Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасын және облыстық мәслихаттың Алғыс хатын табыстады.
Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасына «КәсіпҚорған» кәсіподағының аппарат жетекшісі Максим Аблин, Басқарма кәсіподағы комитетінің төрағасы Айнұр Шутикова мен «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы Ләззат Көшенова ие болды.
Қарағанды облыстық мәслихаты хатшысының Алғыс хаты Ғ.Омаров атындағы шахтапроходкалау тресі кәсіподақ комитетінің төрағасы Болат Бодықовқа, «КәсіпҚорған» кәсіподағының желілік «Құрылысшы» кәсіподағының төрағасы Гүлзира Алпысбаеваға тапсырылды.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС персонал жөніндегі директоры Владимир Лян «КәсіпҚорғанның» еңбек адамының құқығы мен мүддесін қорғаудағы қызметін оң бағалай келіп, кәсіподақтың заңгері Вера Бородинаны «Қазақмыс Холдинг» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайдың Құрмет грамотасымен марапаттады.
Мұнан кейін сөз тізгінін алған Қазақстанның Еңбек конфедерациясының бас хатшысы Мұрат Мәшкенов осы жылдар ішінде «КәсіпҚорған» кәсіподағының конфедерациямен тығыз жұмыс жасаудағы жетістіктеріне тоқтала келіп, еңбек адамының құқығын қорғаудағы үлесі үшін Жезқазған филиалының төрағасы Ақылбек Төлепбергеновті, Шығыс Қазақстан филиалының төрағасы Анатолий Назаровты, Жезқазған филиалының бас қоғамдық инспекторы Шәкен Кененбаевты Құрмет грамотасымен марапаттады.
Мерейтойлық жиында екінші дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісін «Адал еңбек.KZ» ЖШС-ндегі «КәсіпҚорған» кәсіподағының төрағасы Мұхтар Исахов омырауына тақса, екінші дәрежелі «Еңбек даңқы» төбсбелгісімен балқаш мыс балқыту зауытындағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті төрағасының орынбасары Бәтима Дүйсембаева марапатталды.
Сондай-ақ, үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісіне кәсіподақы төрағасы Ерболат Сатыбалдин, балқаш филиалының есепшісі Людмила Белоконь, Шығыс Қазақстан филиалының есепшісі Ирина Шульц, Балқаш филиалының кәсіподақ жұмыстарын ұйымдастырушы менеджер Гүлназира Төлегенова, «Қорғау қызметі» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы Жанна Ерғалиева, Жезқазған филиалының есепшісі Рита Комар, Қарағайлы байыту фабрикасындағы кәсіподақ комитетінің төрағасы Қарлығаш Ахметова, «Қорғау қызметі» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы Бақытнұр Төлегенова мен «КәсіпҚорған» кәсіподағы сервистік-өндірістік кешені кәсіподағының кәсіподақ жұмыстарын ұйымдастыру менеджері Әсел Қаирбекова ие болды.
«Заманауи қоғамды зерттеу» институтының директоры Мейрам Қажыкен ұйымның атқарып отырған жұмысына алғысын білдіре келе, кәсіподақтың дамуына сүбелі үлес қосқан жиырмадан аса майталманға «Кәсіподақтың Құрметті қайраткері» төсбелгісін табыстады.
Бүгінгі таңда «Қазақмыс Холдинг» ЖШс-нде еңбек ететін жастардың жанашыры, тірегі болып жүрген «Jastar Bolashaq» Жастар одағының төрағасы Луиза Мыңбаева жиында «КәсіпҚорған» кәсіподағының өнегелі істерінен үлгі алып, әріптестікті одан әрі нығайта беруге ниетті екендіктерін білдірді. Сондай-ақ, Лузиа Әбдірахманқызы кәсіподақтың төрағасына, филиалдардың жетекшілеріне серіктестік қолдаулары үшін алғысын білдіріп, сый-құрмет көрсетті.
«КәсіпҚорған» кәсіподағының Орталық кеңес жиынын қорытындылаған кәсіподақ төрағасы Ерболат Сатыбалдин қалыптасқан берік сенім мен серіктестікті нығайтуда ұйым замана талабына сай қызмет жасай береді деді.
Беделді ұйымның 10 жылдық мерейтойы осылайша әспеттелді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.