Сегіз жүз метрлік тереңдікке бойлайтын өндірістік аймақтың тасын өрге домалатып тұрған «Жомарт» кеніші жұмысшыларының алаңсыз еңбек етуіне мұндағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті қолайлы жағдай жасапо тыр.
Комитет төрағасы Манас Қоштаев шалғайдағы кенішке жиі атбасын бұрып, жетіқат жер астындағы қауіпсіздік саясаты мен еңбек жағдайын бақылайды. Бұл жолы төраға өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің жетекші инженері Меруерт Дүйсековамен бірге шахтада болып, өндірістік үдерістермен танысты. Тексеріс барысында өндірістік қауіпсіздікті нығайту, жұмысшыларға қолайлы еңбек жағдайын жасауға баса көңіл бөлініп отырғандығы аңғарылды. Десе де бұл бағыттағы жұмыстар әлі де ширай түсуі керекекенін айтты төраға.
Кенішке барған сапарында Манас Қоштаев техникалық бөлімге тоңазықыш пен қысқатолқынды пеш тарту етті. Өнімді еңбек жолында «КәсіпҚорған» кәсіподағы өз мүшелерін әрқашан қолдауға дайын екендігін де жеткізді ол.
Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.