Балқашта «Kazakhmys Smelting» бастаған үшінші мәртебелі ұйымдастырылып отырған «Cuprum Run – 2025» жаппай жүгіру жарысы өтті.
Жобаның басты мақсаты – қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және әлеуметтік-қайырымдылық бастамаларды қолдау.
Жарысқа қатысушыларға 1 шақырым қашықтығы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, 5 шақырым әуесқой спортшылар үшін және 10 шақырым тәжірибелі жүгірушілер үшін ұсынылды.
Биыл марафонға Балқаш, Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларынан барлығы 700-ден аса спортшы қатысты. Жарыстың алдында әр қатысушыға арнайы спорттық киім мен сөмке табысталды.
Жүгіру жарысы алдында Балқаш қаласында алғаш рет Pasta Party кеші ұйымдастырылды. Бұл шарада қатысушылар тәтті феттучини пастасынан дәм татып, бір-бірімен алдағы жарыс жайында әңгімелесті. Pasta Party кешінің басты мақсаты – жүгірушілердің бойына көмірсулар жинап, ертеңгі марафонға дайындалуына мүмкіндік беру. Кешке олимпиада чемпионы Василий Жиров пен басқа да арнайы шақырылған қонақтар қатысып, спортшыларға қолдау білдірді.
Жарыстың ашылу салтанатында ҚР Әнұраны шырқалған соң, әрі қарай құттықтау сөз «Kazakhmys Smelting» ЖШС бас директоры Жәнібек Байғабеловке, қала әкімінің орынбасары Данияр Серіковке, марафонның құрметті қонағы, Олимпиада чемпионы Василий Жировқа және Астана қаласы «Триатлон» Федерацияның Президенті Төлепберген Сүйінтаевқа берілді. Олар марафонның маңыздылығына тоқтала өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Бұл жарыс біз үшін үлкен ауқымды іс. Марафонды үш жыл бұрын бастаған болатынбыз. Биыл рекорд орнаттық деп айта аламыз. Марафонға 700-ден аса адамнан қатысуға өтінім түсті. Бұл біз үшін қуантарлық жәйт. Халықтың спортқа деген қызығушылығы артып келеді. Мақсат – қатысушыларға, тұрғындарға жақсы көңіл-күй сыйлап қана қоймай жоғары деңгейде атмосфера көрсету, сондай-ақ қомақты сыйлықтар сыйлау. «Cuprum Run» жаппай жүгіру марафоны барлық өңір үшін үлкен бұқаралық жарысқа айналып келеді. Келесі жылы 1000 адам қабылдаймыз деп ойлаймын, – дейді «Kazakhmys Smelting» ЖШС бас директоры Жәнібек Байғабелов.
Марафон салтанатты түрде ашылған соң барлық қатысушылар жүгіріс алдында денелерін шынықтырып алып, жаппай жүгірісті бастады.
Одан бөлек, жарыс аясында «Ең үздік креативті костюм» байқауы да ұйымдастырылды. Бұл ерекше сайысқа арнайы киіммен келген қатысушылар қатысты, олардың саны онға жуық болды. Байқаудың басты шарты – қатысушылар өздері киген костюммен белгіленген қашықтықты толық жүгіріп өтуі тиіс еді. Жеңімпаздар жарыстан кейін арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен анықталды. Нәтижесінде үш үздік костюм иегері марапатталып, ақшалай сыйлықтарға ие болды. Бірінші орынды металлург костюмін киіп келген Балқаш қаласының тұрғыны ие болды.
«Cuprum Run – 2025» еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік желаяқтарды біріктірді. Барлық қатысушы да қашықтықты бағындырып, марафонда нағыз спорттық эмоциялар сыйлады. Мәре сызығын қиған барлық қатысушыға арнайы мәреші медальдары табысталып, ал жекелей сында топ жарған жеңімпаздар Құрмет грамотасымен бірге ақшалай сыйақыға ие болды.
«Kazakhmys Smelting» ЖШС
PR қызметі.

