Дүйсенбі, 23 Қараша , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

«Бұланты шайқасы» – қазақ халқын ұлт ретінде сақтап қалған тарихи жеңіс

15.08.2025
- Жаңалықтар
0
«Бұланты шайқасы» – қазақ халқын ұлт ретінде сақтап қалған тарихи жеңіс
116
БӨЛІСТІ
323
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Кеңестік дәуірде қазақтың төл тарихы бұрмаланып, ұлттық сананы жаңғыртуға мүмкіндік берілмеді. Бір ғана идеология үстемдік еткен сол кезеңдерде тарихи шындықтың беті ашылмай, халықтың жады ұмыт бола бастады. Алайда ел ішінде ұлттық рух пен тарихи жадының отын сөндірмеген, өткенін ұмытпаған жандар аз болған жоқ. Олар қасіретті жылдарды, ата-бабаның ерлігін, ұлт үшін күрескен батырларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырды.

Бүгінгі таңда бізге осындай рухани мұраны ұлықтауға жол ашқан – баға жетпес тәуелсіздігіміз. Егемендіктің арқасында халқымыздың тарихи жадын қайта жаңғыртып, өткенімізге терең бойлап, ұлтымыздың ұлы тарихын дәріптеуге мүмкіндік алдық.

Біздің өлкеміз – тәуелсіз Қазақстанның тарихында өшпес із қалдырған тағдырлы оқиғаларға бай мекен. Сол тарихи кезеңдердің ең маңыздысы – қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы тұрып, елдігін, бірлігін, жерін қорғауы. Бұл тек мемлекеттің ғана емес, тұтас ұлттың, оның тілі мен мәдениетінің, салт-дәстүрінің тағдырын шешкен ұлы тарихи белес болды.

Осы сындарлы заманда, 1727 жылы қазіргі Ұлытау өңіріндегі Бұланты өзені бойында, Әбілқайыр сұлтанның бастауымен үш жүздің батырларынан құралған қазақ жасақтары мен жоңғар-қалмақтың біріккен қолы арасында шешуші шайқас өтті. Бұл — қазақ сарбаздарының бірігіп жауға күйрете соққы берген алғашқы ірі жеңісі еді. Бұланты шайқасы – ұлт-азаттық күрестің бетбұрысты кезеңіне айналды. Тарихшылар орынды атап өткендей, егер осы жеңіс болмағанда, бүгінгі ұланғайыр қазақ даласында өзге мемлекеттің орнығуы әбден мүмкін еді. Қазақ халқы ұлт ретінде жойылып, тарих сахнасынан мүлде жоғалуы ықтимал болатын.

Бұл ұлы жеңістің маңызын ескере отырып, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Бұланты шайқасы өткен тарихи жерде «Бұланты шайқасы» мемориалдық кешені бой көтерді. Кешенде Қанжығалы Бөгенбай мен Қабанбай батырлармен қатар осы жердің жергілікті Апыр, Аралбай, Тілеулі, Төлек, Оразымбет, Жылгелді, Түктібай, Барлыбай,Түйте, Жайлыбай, Жауғаш, Биғаш, Сағындық, Қалматай, Қанатбай, Бүркітбай, Алқалы, Құттымбет, Тәттімбет, Байдәулет, Сырымбет батырларға ескерткіш орнатылды.

Бұл – ұлттық тарихқа деген құрметтің жарқын көрінісі. Кешеннің ашылуы – тарихи әділеттілікті қалпына келтірумен қатар, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің, ұлттық мұраны ұлықтаудың және болашаққа жеткізудің маңызды құралына айналды.

Аталған кешеннің салынуына тікелей атсалысқан – осы өңірдің текті ұрпақтары, жергілікті ұлтжанды азаматтар болды. Солардың қатарында марқұм Тоғызбай Тәжбенов сынды елдік іске ерен еңбек сіңірген тұлғалардың еңбегі ерекше атап өтуге тұрарлық.

Бізді бүгінгі бейбіт күнге жеткізген – тәуелсіздік. Ал сол тәуелсіздіктің рухани негізін осындай ұлы тарихи оқиғалар бекітті. 1723 – 1725 жылдары жоңғарлар Түркістанды қоса алғанда, қазақтың оңтүстік өңірлерін түгелге жуық басып алып, халықты ата қонысынан ығыстырды. Бас сауғалаған ел көрші аймақтарға үдере көшіп, ауыр халге душар болды. Бұл зұлмат жылдар тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен қалды.

Жоңғарлар Еділ бойындағы қалмақтармен бірігіп, қазақ жерін екі жақтан қысуға бағыт алды. Бұл – халықтың тағдыры үшін аса қауіпті жағдай еді. Мұндай сын сағатта елді біріктіру – уақыт талабы болды. Ал елді біріктіретін рух пен сенім – бір үлкен жеңістен басталуы тиіс еді. Сол жеңіс 1727 жылы Бұланты өзені бойындағы Қарасүйір деген жерде жүзеге асты.

Аңыз-әңгімелер мен тарихи деректерге сүйенсек, үш жүзден жиналған сарбаздар жаудың сағын сындырып, жоңғар мен қалмақтың біріккен қолын тас-талқан етіп жеңген. Бұл жеңіс елдің еңсесін тіктеп, рухын көтерді. Жау қолында кеткен жерлерді қайтару, егемендік үшін күресті жалғастыру жолында халықты бір мақсатқа жұмылдырды.

Бүгінде егеменді еліміз – халқымыздың ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің жемісі. Сол жолда құрбан болған бабалар ерлігі мен елдіктің нышаны – Бұланты шайқасы мәңгілік ұмытылмауы тиіс. Бұл шайқасқа 2027 жылы 300 жыл толады. Бұланты шайқасы, оған арналған мемориалдық кешен – өткенге тағзымның, бүгінгіге береке тілеп, болашаққа сеніммен қараудың айқын символы.

Мұрат Қазамбаев,
Жезқазған қаласының Құрметті азаматы.

Бөлісу46Твитерге29

Көп қаралған

  • Өрт қауіпсіздігі – әркімнің жауапкершілігі

    Өрт қауіпсіздігі – әркімнің жауапкершілігі

    83 бөлісті
    Бөлісу 33 Твитерге 21
  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1747 бөлісті
    Бөлісу 699 Твитерге 437
  • ҚАЗАҚМЫС ӨНДІРІСКЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУДЕ

    84 бөлісті
    Бөлісу 34 Твитерге 21
  • «Бұланты шайқасы» – қазақ халқын ұлт ретінде сақтап қалған тарихи жеңіс

    116 бөлісті
    Бөлісу 46 Твитерге 29
  • САЛЫҚ, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру