Аймағымызда кен өндіруші алып саналатын Оңтүстік Жезқазған кенішінің жер асты техникалық базасын жаңғырту үдерісі қарқын алуда.
Өндірістік көрсеткішті арттырып, қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыруда техникалардың маңызы айырықша. Осыны ескерген «Қазақмыс» корпорациясы басшылығы кеніштегі тозығы жеткен ауыр техникаларды жаңартуға пейіл танытып отыр. Соның жарқын көрінісі ретінде жақында №65 шахтаға қарасты №6 телімдегі А. Ағаділовтің бригадасына берілген су жаңа өздігінен жүретін жерасты техникасының (Фадрома) өндіріске берілуін айтуға болады. Аталмыш техника забойларды қуаттау кезінде қарқынды түрде жұмыс жасауға қабілетті.
Жаңа техниканың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оны игеріп кету жолында бригада жұмыла жұмыс жасауда. Кеніштегі «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Алмаз Қоңырқұлжинов Ағаділовтің бригадасында болып, жерасты техникасының жай-жапсарымен танысты. Еңбек ұжымы қуатты техника кен өндіруде межелі міндетке жетуде мүдірмейтіндігіне сенімді.
Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.