Өңірімізде «109» қызметі 2022 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бірыңғай байланыс орталығы барлық коммуналдық мәселелер бойынша облыс тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін тәулік бойы қабылдайды.
Орталыққа келіп түскен барлық өтініштер әуелі өңделіп, кейін мәселені белгіленген мерзімде шешілуі үшін мемлекеттік органдарға, коммуналдық қызметтерге жіберіледі. Сонымен қатар, мамандар өтінімдерді орындау бойынша кері байланыс жасап отырады.
Бүгінгі таңда Ұлытау облысындағы байланыс орталығы 100-ден астам мекемемен байланыста. Операторлардың айтуынша, облыс тұрғындарының ең көп қоятын сұрағы электр энергиясына қатысты. Бүгінгі таңда call-орталығы 46 мыңнан астам қоңырау қабылдап, оларды тиісті мекемелерге жіберген.
Байланыс орталығының операторлары барлық коммуналдық ұйымдармен, жауапты мемлекеттік органдармен, мердігерлермен тікелей байланыста, сондықтан өтінімдер тезірек орындалады. Өтінішті толтырудың орташа уақыты 1-ден 10 сағатқа дейін. Инженерлік желілердегі авариялық жұмыстар күрделілігіне байланысты 4-тен 12 сағатқа дейін созылады.
Байланыс орталығына 109 қысқа нөмірінен бөлек, арнайы сайт немесе мобильді қосымшасы, Instagram, Telegram,WhatsApp әлеуметтік желілері арқылы өтініштерді жолдауға болады.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.