Дүйсенбі, 16 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Ысырапқа ұшырамайық!

16.05.2025
- Жаңалықтар
0
Өлік жөнелтудегі ысырапшылдық
67
БӨЛІСТІ
185
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қымбатшылық алқымнан алған шақта топырақты өлімдегі ас-судың, яғни, құдайы асының дастарқаны тойдан кем еместігін көріп жүрміз. Әрине, қарапайым халықтың қалтасы оны көтермейді. Алайда, жалаң намысқа тырысып, банктен – несие, сойыс малды қарызға алады.

Қысқасы, «аттыға еремін деп, жаяудың шаты айырылыпты» дегеннің кері. «Бардың малын шашады, жоқтың артын ашады». Құранда ысырап туралы: «Шындығында, ысырап етушілер – шайтанның бауырлары. Ал, шайтан Раббысына қарсы болған» – дейді (Исра сүресі, 27-аят).

2019 жылы 29 қарашада «Мысты өңір», «Шарайна» газеттерінде «Ес жияйық, ағайын!» атты мақалам шықты. Даттаған да, жақтаған да болды. Абырой болғанда жиналыстар өтті, көпшілік қолдады. Жаназадан кейін табақ тартпауға, құдайы аста етті турап беруге бет бұрды. Сана-сезімі жоғары, ел басқару қабілеті бар, бір рудың, не болмаса екі-үш атаның топырақты өлімінің, торқалы тойының тізгінін ұстап жүрген азаматтар бірауыздан қолдап, іліп әкетті. Шүкір, намысты қолдан бермейтін азаматтар баршылық екеніне көзіміз жетіп отыр. Алла-тағала олардың жүрегіне иман байлығын берсін!

Осы орайда «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы Ардагерлер кеңесінің белсенді мүшелерінің еңбегі зор екенін атап өтуге тура келеді. Шыңырауда кен қазып, жастық шағын жер астында өткізген, маңдай термен тапқан қаражаттың қадірін білетін олар ысырапшылдықпен күреске бел шешіп кірісіп жүр. Өкінішке қарай, сауапты игі амалдарға, шарапаты мол шаруаға кейбір ақсақалдардың араласпауы қынжылтады. Әрине, үлкен кісілердің жиын-той төрінде отырып бата беруі, жалынды сөз сөйлеуі – орынды. Алайда, артындағы ұрпағына қандай өнегелі ісімен із қалдыратыны сұрақ болып тұр?!

Бір қуанарлығы – осы игі бастамаға жасы 50-60 арасындағы інілердің белсене кіріскені. Олар қоңырау шалып, жалғыз Жезқазған-Сәтбаев емес, Қаражал қаласының, Жаңаарқа, Ұлытау ауданының имам, ақсақалдарын шақырып мешітте бас қосуды ұсынады. Ұсыныс қабылданды, облыстың өкіл имамы Бейбіт Бақытжанұлымен Ұлы Жеңіс мейрамынан соң бас қосуға уағаластық. Алла қаласа, келіп өз ойларыңызды ортаға салыңыздар! Біздер, яғни, екі қаланың ақсақалдары бір шешімге келгенмен, әлі де түйіні тарқатылмаған мәселе шаш етектен. Келісіп пішкен тон келте болмас!

Сондай-ақ оқыңыз

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025

Дүйсенбіден дүйсенбіге дейін тойханалар бос емес. Сенбі, жексенбіге той жасауға тапсырысты 3-4 ай бұрын беру керек. Тұсаукесер, тілашар, шілдехана, 40, 50, 60 жас деген еш мағынасы жоқ тойдан шаршадық. Нарық қыспағы қарапайым халықтың тынысын тарылып, тығырыққа тірелдік. Шарықтаған доллар, құнсызданған теңге, ырыққа көнбей келе жатқан азық-түлік бағасы амалсыздан өлім-жітімнің құдайы ас-мәзірін ықшамдауға мәжбүрлеп отыр.

Бұған дейін өткен екі жиналыстың қортындысына келсек, етті турап беруге келістік, шай дастарқанында мына тағамдар болса жеткілікті: шелпек нан, бауырсақ, тоқаш нан, шәй сүтімен, кәмпит-печенье (бағасы арзандау), сарымай, жент, мейіз, өрік, құрма, қант, газдалмаған су.

Бір мақаламен бұл мәселе шешіле қоймас?! Ысырапшылдық қазақтың қанына сіңген дерт болып тұр, оны емдеу халықтың қолында! Жұмыла көтерген жүк – жеңіл, ел азаматтары, атсалысыңдар!

Абуләйіс МОЛАҚОВ,
«Қазақмыс» корпорациясы жанындағы
Ардагерлер кеңесінің филиал басшысы,
қалалық мәслихат депутаты.

СӘТБАЕВ қаласы.

Бөлісу27Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025
Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

13.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру