Республика көлемінде 56 мыңнан аса мүшесі бар тау-кен, металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағы мыс алыбы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС құрылымдарындағы еңбек адамдарының құқықтарын қорғап қана қоймай, медицина саласындағы абзал жандарға да қол ұшын созуда.
«Қазақмыс» еңбеккерлері мен өңір халқына медициналық көмек көрсетуде заманауи жабдықтармен қамтылған «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС «КәсіпҚорған» кәсіподағы ынтымақтастықта бірлесе жұмыс атқаруда. Орталық директоры Владимир Моторыкин кәсіподақ ұйымының еңбеккерлердің құқықтарын қорғаудағы ұстанымына үнемі қолдау білдіріп келеді. Осы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мақсатында жақында «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС директоры Владимир Моторыкин мен «КәсіпҚорған» кәсіподағының төрағасы Уәлихан Нұржанов алдағы уақытта бірлесе атқаратын жұмыстарды пысықтай келіп, ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Жиын барысында кәсіподақ төрағасы Уәлихан Қуанышбекұлы орталық директоры Владимир Михайловичке серіктестік үшін алғысын білдіре келіп, кәсіподақ құзыреті шеңберінде медициналық орталық қызметкерлеріне құқықтық тұрғыдан қолдау жалғасатынын жеткізді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.