«Kazakhmys Barlau» және кореялық KIGAM компаниясы геология саласында ынтымақтастық орнатты.
«Kazakhmys Barlau» компаниясының Бас директоры Ғалым Нұржанов пен KIGAM (Корей геология және минералдық ресурстар институты) президенті Пхён Ку Ли өзара түсіністік және ғылыми ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Бұған дейін компаниялар бірлескен жұмыс үшін технологиялар мен жобаларды таңдауға бағытталған бірнеше кездесу өткізді.
Келісім аясында Қазақстан мен Корея екі ел арасындағы бірлескен ғылыми зерттеулер мен тәжірибе алмасу жұмыстарын бастайды. Биыл маусым айында Пхен Ку Ли «Kazakhmys Barlau» компаниясының кеңсесінде болды.
Тараптар ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары, оның ішінде «Қазақмыс» нысандарында бірлескен зерттеу жүргізу, тәжірибе алмасу үшін оқыту семинарлары мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.