Жексенбі, 18 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс және өмір

Үздіктерге – 1 млн теңге

27.12.2024
- Өндіріс және өмір
0
Үздіктерге – 1 млн теңге
71
БӨЛІСТІ
197
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС басшылығы түсті металлургия саласының дамуына айрықша үлес қосып, өндірістің өркендеуінде кәсібилігімен ерекшеленген еңбеккерлерге жыл соңында арнайы жүлде тағайындау дәстүрін жалғастырып келеді. Биыл Жезқазған және Балқаш мыс қорыту зауыттарының үздіктеріне Бас директор Жәнібек Байғабелов арнайы сыйлықты тапсырды.

– Біз бұл сыйлықтарды компанияның әлеуеттілігін, өзіне тән құндылықтарын еңбекпен дәлелдеп жүрген азаматтарға лайық деп таптық. Сенімділік, кәсібилік сынды асыл қасиеттеріңізді бағалай отырып, биылғы жылы да үш аталым бойынша өздеріңізді марапаттауды ұйғардық. 2024 жылды табысты қорытындылаған Жезқазған, Балқаш зауытының еңбеккерлеріне алғысымды білдіремін, – деді майталмандарды марапаттау жиынында Жәнібек Алтынбекұлы.

М.Әубәкіров атындағы «Құзіреттілік» кубогын Балқаш мыс қорыту зауытындағы мыс балқыту цехының балқытушысы Манат Сарбасов пен Жезқазған мыс қорыту зауытындағы мысты электролиздеу цехының слесарь-жөндеушісі Думан Рахимов иеленді. Осы аталым бойынша үздік шыққан сыйлық иегерлері өз салалары бойынша білімдерін көрсете отырып, кәсіби тұрғыда жаңашылдыққа ұмтылудағы ынталарымен ерекшеленді.

Г.Камиридинов атындағы «Сенімділік» кубогы ауа бөлу аппаратшысы Сергей Доможировқа, Жезқазған мыс қорыту зауытының қосалқы станциялардың электрмонтері Лилия Никитинаға бұйырды. Мараптқа ие болған қос еңбеккер бұл аталымда мамандықтарына деген сенімнің мол екенін дәлелдей білген жандар.  А.Иванчин атындағы «Кәсібилік» арнайы жүлдесін Балқаш мыс қорыту зауытының шихта дайындау цехының ұсақтаушысы Айбек Сыздықов пен Жезқазған мыс қорыту зауытындағы балқыту цехының балқытушысы Бейбіт Ахметбеков алды. Бұл мамандарға сыйлық беру талабына сай, жұмыс барысында жоғарғы стандарттарды сапалы орындаудағы үлестері бағаланып, жүлде тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз

Арулар бақ сынады

Арулар бақ сынады

08.03.2025
Салауатты өмір салтына үндеді

Салауатты өмір салтына үндеді

08.03.2025

Айта кету керек, үш аталымдағы жеңімпаздардың әрқайсына «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС басшылығы 1 млн теңге көлемінде ақшалай жүлде тағайындады.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру