Бейсенбі, 15 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Кәсіподақ тынысы

Үздіктерді үкіледі

30.12.2022
- Кәсіподақ тынысы
0
Үздіктерді үкіледі
70
БӨЛІСТІ
195
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер тануының басты себебі – өндірістің қарқынды дамуы. Оның қатарында Қазақстанның інжу-маржаны – жаңадан бой көтерген Ұлытау облысындағы еңбек адамдарының үлесі зор.

Кенді өңірді қанатының астына алған «Қазақмыс» корпорациясы табыстың тайқазаны өз еңбеккерлерінің арқасында тасып жатқанын ешқашан естен шығарған емес. Жақында «КәсіпҚорған» салалық кәсіподағы мен «JastarBolashaq» Жастар одағының ұйымдастыруымен үздіктерді марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шарада Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов өндіріс озаттарын 2022 жылы жеткен жетістіктерімен құттықтап, «Қазақмыс» корпорациясының бірқатар еңбеккеріне «Кенші даңқы», «Еңбек даңқы» салалық төсбелгілерін табыс етті. Сонымен қатар, шаһар басшысы кен өндіру, байыту, металлургия және өзге де құрылым қызметкерлерін Жезқазған қаласы әкімінің Құрмет және Алғыс хаттармен марапаттады.

Қарапайым еңбек адамының мәртебесін асқақтатқан бас қосуда білікті бригадир, кенші, Қазақстанның Еңбек Ері Тұрсынбек Макишевке құрмет көрсетілді. Қарағанды, Ұлытау өңірлерінен Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет өндіріс еңбеккерлерінің арасынан Еңбек Ері атанған Тұрсынбек Шамбылұлы жақында «Қазақстанның алтын кітабына» еніп, арнайы төсбелгімен марапатталған болатын. Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Абдуллаұлы Тұрсынбек Макишевке кітап пен төсбелгіні арнайы тапсырды. Қазақстанның Еңбек Ерінің есімі «Қазақстанның алтын кітабына» жазылуына «КәсіпҚорған» кәсіподағы ұсыныс түсірген.

Сондай-ақ оқыңыз

Саясатсыз сапалы қызмет

Саясатсыз сапалы қызмет

08.03.2025
Әлеуметтік қорғау – басты орында

Әлеуметтік қорғау – басты орында

28.02.2025

Мұнан соң «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ардагерлер кеңесінің басқарма төрағасы Төлеген Бүкіров сөз алып, соңынан ерген майталман інілеріне өндірісті өркендетудегі істеріне табыс тіледі. Төлеген Нұрмағанбетұлы озат еңбеккерлердің бір тобына салалық төсбелгілерді табыстады.

Еңбеккерлерге өндіріс орындарында қорған болып жүрген «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалының төрағасы Ақылбек Төлепбергенов жылды табысты қорытындылаған өндірісшілердің еңбегіне алғысын білдірекеліп, «Кенші даңқы», «Еңбек даңқы» төсбелгілерін және «Кәсіподақтың Құрметті қайраткері» төсбелгісін тапсырды.

Ерен еңбек әрқашан бағаланады. Саналы ғұмырын өндірістегі еңбекке арнаған Тұрсынбек Шамбұлұлы Макишев соған дәлел. Осы орайда жыл сайынғы дәстүр тұрғысында «JastarBolashaq» Жастар одағының бастамасымен жыл бойы өндірісте үздік шыққан еңбеккерлерге Қазақстанның Еңбек Ері Тұрсынбек Макишев атындағы сыйақы тағайындалған болатын. Бұл бастама еңбеккерлерді ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды. Қазақстанның Еңбек Ері Тұрсынбек Макишев еңбекте табысты тасқындатқандарды сыйақымен марапаттады.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Жезқазған аймағы бойынша әлеуметтік-еңбек қатынастары басқармасының басшысы Сабыржан Тембаев еңбегі ерен ерлерге ақ жарма тілегін арнап, марапат иелерін ұлықтады.

Бірнеше белесті бағындырып, алға басудан танбаған жастар биылғы жылды да жемісте аяқтады. Осы орайда «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерінің «JastarBolashaq» Жастар одағы төрағасы Луиза Мыңбаева өндірістің ауыр жүгін арқалап, межелі міндеттерді еңсерген жастарды марапаттады.

«КәсіпҚорған» салалық кәсіподағы мен «JastarBolashaq» Жастар одағының көздеген басты мақсаттарының бірі – «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басшылығымен, қызметкерлерімен бірлесе отырып, өндіріс азаматтарын қолдау арқылы өндіріс қарқынын үдету. Осы орайда, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қос ұйым жыл сайын «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбеккерлері арасында кең көлемді спартакиада ұйымдастырып келеді.

Биыл спартакиада алауы үшінші рет жағылды. Спорт түрлерінен олжа салып, ең көп ұпайға ие болып командалық есепте алға шыққан кәсіпорындарды «КәсіпҚорған» салалық кәсіподағының Жезқазған аймағы бойынша төрағасы Ақылбек Төлепбергенов және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерінің «JastarBolashaq» Жастар одағы төрағасы Луиза Мыңбаева марапаттады.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру