Сейсенбі, 15 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Үздіктер топ жарған театр фестивалі

19.09.2025
- Жаңалықтар
0
Үздіктер топ жарған театр фестивалі
78
БӨЛІСТІ
216
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Облыс орталығында Жанат Хаджиев атындағы ІV халықаралық театрлар фестивалі ұйымдастырылды. Өткен жұманың кешінде басталған өнер мерекесі 5 күнге жалғасты.

Қазақтың көрнекті режиссері Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалі Жезқазғанда дәстүрлі түрлі өткізіліп келеді. Театр өнерін қолдау мен шығармашылық байланысты арттыру мақсатында қолға алынған фестивальдің салтанатты ашылуына аймақ басшысы Дастан Рыспеков арнайы қатысып, фестиваль қатысушыларына сәттілік тіледі.

Бес күнге жоспарлаған фестивальдің құрметті қонағы һәм қазылар алқасының төрағасы белгілі театр және кино актері, Жанат Хаджиевтің үзеңгілес досы болған Тұңғышбай Жаманқұлов болды. Биылғы фестивальде Қазақстан мен көршілес Ресей және Қырғыз Республикасынан 8 театр бақ сынады. Олар өнер додасына өздерінің ең үздік деген қойылымдарымен келген.

Фестивальдің алғашқы күнінде көрермендерге Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының «Тазының өлімі» спектаклі ұсынылды.

Өнер додасы жезқазғандық көрермендерді түрлі жанрдағы қойылымдармен тәнті етті. Фестивальдің жабылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова арнайы қатысты.

Жанат Хаджиев атындағы ІV театр фестивалінің бас жүлдесі Абай облысының «Дариға-ай» Жастар театрына берілді. Бұдан бөлек, «Үздік ансамбль», «Үздік визуалдық көркемдік бейне», «Үздік әйел рөлі», «Екінші пландағы әйел және ер рөлі» аталымдары бойынша да марапаттар ұсынылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты қаржылай сыйақы мен дипломдар табыс етілді. Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалінің жыл сайын ауқымы кеңейіп, қатысушылар саны да арта түспек.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу31Твитерге20

Көп қаралған

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • #ЗАКОН И ПОРЯДОК — ОСНОВА СТАБИЛЬНОСТИ ОБЩЕСТВА

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌿 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА АЙМАҚ, ТАЗА БОЛАШАҚ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру